7.3 C
Шымкент
Четверг, 21 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЖЕҢІЛДЕТІЛГЕН НЕСИЕ АЛУҒА ЖАСТАРДЫҢ ЫНТАСЫ ЖОҒАРЫ

🔷 Биыл Шымкентте 260-қа жуық жас жеңілдетілген несиеге қол жеткізіп, өз кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік алады. Бұл игілікті істер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жастардың кәсіпкерлігін дамыту үшін жылдық 2,5 пайыз жеңілдікпен микрокредит беру тапсырмасы аясында жүзеге асырылғалы отыр.
Мемлекет басшысы жастардың кәсіпкерлік бастамалары үшін 2,5 пайыздан жеңілдетілген микрокредит беру тапсырмасын іске асыру барысында Шымкент қаласынан биылғы жылы 261 кәсіп бастаушы жасқа микрокредит беру мақсатында республикалық бюджеттен 1 305,0 млн. теңге қарастырылған.

Жастардың ұсынған жобалары сан алуан. Қайсыбірі қызмет көрсетуді дамытқысы келсе, енді бір тобы сауда-саттық, мал шаруа­шылығы, жеңіл өнеркәсіп бағытын таңдаған. 9 жас мал шаруашылығына ден қойыпты. 13 жастың жобасы – қызмет көрсету бағытында. Сауда саласында бағын сынағысы келетіндер жетеу екен. Жеңіл өнеркәсіп пен өсімдік шаруашылығында кәсіп қылуға ниет қылған екі жас бар.

Мөлдір сұлулық индустриясына кездейсоқ келмеген. Бұған дейінгі алты жылда осы саланың қыр-сырын меңгерген.

🔷 Кредиттер мерзімі – 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығы бағытында алса, 7 жылға дейін беріледі.
Қазір жастар кәсібін жеңілдетілген несиелендіруге қатысты Шымкент қаласының әкімдігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және Қаржы министрлігімен үш жақты кредиттік шарт жасалды.

🔷 Сенім білдірілген өкіл болып «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қаласы әкімдігінің қаулысымен айқындалды.
Бүгінгі таңда 2 комиссияның отырысы өтті. Онда 63 құжат қаралып, 31 адам комиссияның оң қорытындысын алды.Биылғы жылдың 30 мамырында Шымкент қаласы бойынша жастарға микрокредиттер беру мақсатында бизнес-жобаларды іріктеу үшін конкурс комиссиясының келесі отырысы өтті.
Айта кетейік, жеңілдетілген несиені жаңадан кәсіп ашқысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі азаматтар ала алады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

САУДА ОРЫНДАРЫНДАҒЫ КӨЛІК ТҰРАҚТАРЫН ҚАДАҒАЛАУДА

smarttop

БИЫЛ 11 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ БАЗАЛЫҚ СТАНЦИЯ ОРНАТЫЛАДЫ

smarttop

ҚАЙТА ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

smarttop

Пікір қалдыру