21.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

ҚОҚЫСТЫ ДҰРЫС ТАСТАМАҒАНДАРҒА АЙЫППҰЛ САЛЫНЫП, РЕЙД ЖҮРГІЗІЛУДЕ

 

🔷 Шымкент қаласының әкімдігі және қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі белгіленбеген орындардағы қоқыстар мен рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын орындарды анықтау бойынша шаралар жүргізді. Қазіргі уақытта әкімшілік және полиция қызметкерлері Еңбекші ауданы орталық көшелердің бойында орналасқан қоқыс, құрылыс қалдықтарын шығарған кәсіпкерлік нысандардың иелеріне және тұрғындарға түсіндіру, ескерту жұмыстары бойынша рейд жұмыстарын жүргізіп жатыр. Ең көп таралған құқық бұзушылықтардың бірі қоқыстарды қоқысқа арналып арнайы бөлінген орындарға тастамау. 🔷 Әкімшілік заңнаманы тек ұйымдар ғана емес, сонымен қатар үйлеріне немесе пәтерлеріне жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан азаматттар да бұзады. Сондықтан қоқыс алаңшасының аумағына құрылыс қалдықтарын тастауға болмайтынын ескертеміз. Қала және елдімекен қағидаларын бұзған тұрғындарға ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңының 505-бабы бойынша айыппұл салынатынын назарларыңызға жеткіземіз. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДА ОҢ ӨЗГЕРІСТЕР БАЙҚАЛУДА

smarttop

ТҮРКІСТАНДА «НАУРЫЗНАМА» ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТ СПОРТҚА АҚША БӨЛУДЕН РЕСПУБЛИКАДА 1 ОРЫНДА ТҰР

smarttop

Пікір қалдыру