Шымкент қалалық орталыктандырылған балалар кітапханалар жүйесінің жалпы кітап қоры – 418 046 дананы құраса, оның ішінде балалар әдебиеті – 390 492 дана. Кітапхана мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндерге, 1-9 сынып оқушыларына, тәрбиешілер мен мұғалімдерге, жылына жалпы 392 мыңдан астам келушіге қызмет көрсетеді. Сондай-ақ, қалалық Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында ашылған «Ақерке» балалар залы да бүлдіршіндерді кітап оқуға ынталандыруда. Залда жылына оқырмандарға 765 мың данадан аса кітап берілуде. Оқу залына соңғы 3 жыл көлемінде 18 593 дана жаңа кітаптар қорға алынған.
Мектеп кітапханалары республикалық және жергілікті мерзімді басылымдарды (газет-журналдарды) алып отыруы тиіс. Мерзімді басылым-дарға жыл сайынғы жазылым әрбір жеке кітапхананың қажеттігі есебіне сүйеніп, бірақ 15-25 атаудан кем емес болып анықталады. Балалар мен жеткіншектерге арналған мерзімді басылымдар атауларының саны оқушылардың ақпараттық қажеттіктеріне жауап беруі тиіс.
Мектеп кітапханаларын қосымша жинақтау ата-аналар комитетінің, демеуші кәсіпорындардың, қоғамдық және қамқоршы ұйымдардың мақсатты қаражаттары, мекемелерден, ұйымдардан өтеусіз алу, оқырмандар сыйлары («Кітапханаға кітап сыйла» акцияларын өткізу), сонымен бірге жоғалған орнына кітап қабылдау, қайта өндіру (көшірмелеу) есебінен жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеке тұлғалардың немесе адамдар тобының, мекеменің, ұйымның немесе басқа кітапхананың кітапханаға құжаттарды тегін беруі (сыйлауы) кезінде қордың пайдаланылмайтын, дублетті және бейінді емес басылымдармен толығуына жол бермеу мақсатындағы іріктеу өлшемдерін белгілеу қажет. Оқырмандар жоғалтқан орнына әкелген құжаттарды қабылдай отырып бұл басылымдардың кітапханаға қажеттігіне айрықша назар аударған жөн.
Кітапханалардың кітап қорлары көркем шығармалармен, мектеп бағдарламасына қосымша балаларға арналған анықтамалық әдебиеттермен, танымдық, сала жанрлары бойынша балалар әдебиеттері мен қиял-ғажайып, шытырман оқиғалар, ертегілермен толықтырылған. Балаларға қызмет көрсететін қалалық кітапханалардағы кітап қоры мемлекеттік тапсырыс бойынша отандық, шетелдік ақын-жазушылардың әдебиеттерімен толықтырылады. Оның басым бөлігі көркем әдебиеттер болса, жергілікті бюджеттен бөлінген қаржыға оқырман сұранысына орай танымдық кітаптар алынады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!