16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағындағы орталық маңызы бар көшелер жарықтандырылуда.
747 көшенің 324-і жарықтандырылды. Былтыр мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 104 көше жарықтандырылып, көрсеткіш 30 %- дан 43,4%-ға дейін өскен болатын. Биыл 102 көшені жарықтандыру жұмыстары жоспарланып, 42 көшеде жұмыстар аяқталды.
Құрылыс барысында жалпы саны 2595 жарықтандыру бағанасы, 4600 дана жарықшам және 148 шақырым электр желісі тартылды.Мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Сол себептен биыл жарықтандырылған көшелерінің саны 28 көшеге ұлғаяды, – дейді тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімінің басшысы Н. Бектұрсынов. Жалпы, биылға өтпелі болған құрылыс жұмыстары толығымен тамыз айында аяқталып, жарықтандырылған көше саны 162-ге ұлғаяды. Сонымен қатар, биыл жаңадан қосылған елдімекендердің орталық көшелері мен мектеп, балабақша орналасқан 43 көшені жарықтандыру жұмыстарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеуге жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде 39 көшеде жаңа құрылыс, 4 көшеге қайта құру жұмыстары қарастырылып, бекітілген өндірістік кестеге сәйкес биылғы қыркүйек айында аяқтау жоспарлануда.Жалпы, жасыл энергетикаға бет бұру, баламалы қуат көздерін пайдалану сынды мәселелер жылдан жылға өзекті бола түсуде. Сондықтан, қаланың орталық көшелеріндегі, қоғамдық орындарындағы жарықшамдарды энерго үнемдеу жүйесіне ауыстыру – басым бағыттардың бірі. Қалалық тұрғын үй-коммуналды шаруашылық бөлімі мамандарының берген мәліметіне сәйкес, қала бойынша 32 692 дана жарықшам орнатылған. Оның ішінде 16 226 данасы саябақтар мен гүлзарларда, 16 466 данасы 162 көшеге жарық береді. 2016-2017 жылдар аралығында 89 көшедегі 11 565 дана жарық шам диодты шамдарға ауыстырылыпты. Нәтижеде пайдаланылған электр энергиясы 40 пайызға үнемделген. Жалпы, бүгінге дейін қала көшелеріндегі және саябақтар мен гүлзарлардағы 32 692 жарық шамының 27 791-і немесе 85 пайызы энергия үнемдегіш лампаларға ауыстырылды.
Жыл соңына дейін жоспарланған 102 көшенің барлығы толығымен жарықтандырылып, іске қосылады деп жоспарлануда.
Нәтижесінде көрсеткіш 43,4%-дан, 57%-ға өспек.
Сонымен қатар 2023 жылы 106 көшеде жарықтандыру жұмыстары атқарлып, көрсеткішті 70 %-ға арттыру жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АҚ ОРАМАЛ – ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫМЫЗДЫҢ АЙНАСЫ

smarttop

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР 34 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕГЕН

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» ЖАЛПЫРЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯСЫ ӨТЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру