13.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Қысқы жылу маусымында тұтынушыларға үздіксіз сапалы жылумен қамтамасыз ету мақсатында жаз айларында дербес қазандықтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан әр тұрғын үйдің ішкі жылу жүйесіне жылу жүйесіне сығымдау, жылу алмастырғышты тазалау және реттеу жұмыстарын жүргізілетін болады. Қазір «Қуатжылуорталық-3» МКК қаламыздың 16 нысанында жалпы ұзындығы 8,76 км құрайтын ішкі орамдық жылу жүйелерін ауыстыру жұмыстарын жүргізілуде.

Жаз мезгілі аяқталып, күз келісімен-ақ елдің «Биылғы қыс қатты болады екен», деген сөзін жиі естиміз. Кейде қыркүйектің бірде жылы, бірде салқын құбылмалы ауа райы да қыр астында тұрған қыстың мінезін ептеп сездіретіндей. «Қыс шанаңды жаз сайла» дегендей, күн жылы, жер қара кезде қысқа дайындық жұмыстарын жүйелеп алған жөн. Бұл орайда Жамбыл облысында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары көктемде басталып кеткен. Қазіргі кезде жүргізіліп жатқан жұмыс жақсы, алайда бірқатар мәселе де бар.

🔷 Кесте бойынша жұмыстары толық аяқталған нысандар: 1. Толстой көшесі «Эмир» дәмханасы дейін 2. Толстой көшесі Сасбұқаев көшесіне дейінгі 3. Нұрсат шағынауданы №38,39,74 а үйлері 4. Нұрсат шағынауданы №12,75 үйлері 5. Күншығыс шағынауданы 4-5 кезек 6. Пазылбеков көшесі 4,5,6,7 ТК-26 7. Тауке-хан №29,31, Қонаев көшесі №7 Жалпы:1927 метр 🔷 Жұмыстар жүріп жатқан нысандар: 1. Асқаров ТК-3 Мангельдин көшесіне дейін -16,4% -орындалды 2. ПНС-5тен Шаяхметов көшесі — 40% -орындалды 3. ТК-16 Адырбеков -Алдияров к-сі ТК-19 дейін — 52% -орындалды Жалпы: 1787м/560м 🔷 Дайындық жұмыстары жүріп жатқан нысандар: 1. ТК-3 Асқаров көшесі ТК-23 2. ТК-42 Байтұрсынов көшесі ТК-39 Ғ.Іляев 3. Түркістан көшесі ТК-24 және ТК-26 аралығы 4. ТК-60Б Гагарин көшесі 5. ТК-26 және ТК-27 аралығы Республика даңғылы 6. 18 шағынаудан Ерімбетов — Рысқұлов көшесі Жалпы: 3508 метр 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕТІН ЖОЛАУШЫЛАР ҚАТАРЫ АРТАДЫ

smarttop

Халықаралық стандартқа сай конгресс-холдың құрылысы жүруде

smarttop

Полицейлер қоғамдық көлік жүргізушілерге қатысты құқық бұзушылықтарды анықтауда

smarttop

Пікір қалдыру