4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Нұркен Шәрбиев Шымкент қаласына жұмыс сапары аясында қала тұрғындарымен, ҮЕҰ және қоғам өкілдерімен кездесті. М.Әуезов атындағы ОҚУ-да өткен жиында азаматтардың мәселелерін тыңдап, сауалдарына жауап берді.
Басқосуда қала тұрғындары бұрынғы Фосфор зауытының қалдықтарын залалсыздандыру, қалада сапалы оттегіні көбейту, карьерлердің жұмысын қадағалау, өндіріс орындарынан шығатын қалдықтар мәселесін көтеріп, ұсыныстарын айтты.
Н. Шәрбиев министрлік тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Экология — бір ортада өмір сүретін организмдерді зерттейді, олардың басқа организмдермен және қоршаған ортамен ара қатынастарын анықтап, жиынтық қорытынды жасайтын ғылым. Сондықтан «экология» қоршаған ортаны сақтаудың ғылыми негізі болып саналады.

Экология ғылымының ең басты мақсаты – биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.

Экология ғылымының негізгі міндеттері: -организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу.

—Қаланың экологиялық проблемаларын кешенді шешудің жол картасында 29 іс-шара көзделген. Оның ішінде бүгінгі күні 12 іс-шара орындалды. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді орындау кезеңі бар 6 іс-шара бар. Өткен жылы 200 мың ағаш отырғызылса, биыл қалада 121 мың дана ағаш отырғызу жоспарлануда. Жалпы жергілікті халықтың мүддесін қорғайтын шешімдер қабылдау кезінде азаматтардың пікірін ескеру маңызды. Бүгін айтылған мәселелер толық зерделеніп, тиісті шешімдер қабылданады, — деді Нұркен Қожамұратұлы.
Сонымен қатар, Экология және табиғи ресурстар вице-иинистрі жұмыс сапары аясында бірқатар нысандарды аралап, азаматтарды жеке қабылдау өткізді.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

«Индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасы аясында жүзеге асырылған жоба

smarttop

Түркістанда жалған нөмірмен жүрген «Toyota Land Cruiser» көлігі мен айыппұлы 1,1 миллион теңгеден асқан 16 автокөлік анықталды

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ ҚАРАТАУ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру