1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАРАБАСТАУҒА ҚАРАШАДА АУЫЗ СУ БЕРІЛЕДІ

Қаланың өндірістік аумағы болып саналатын Еңбекші ауданында биылғы жылы инфрақұрылым жүйесіне қатысты бірқатар мәселелер шешімін таппақ. Осы мақсатта ауданның жаңа құрылыс аумағы мен Сайрам ауданынан қала құрамына енген елді мекендерге басымдық берілуде.
Еңбекші аудан халқының бүгінде 96,5 пайызы жарықты мемлекеттік трансформаторлардан алады. Ал, қалған 2,5 пайызы жекенің жарығымен отырса, 1 пайызы мүлдем қамтылмаған жаңа құрылыс аумағында тұрады. Осы орайда, Тұрдыабад, Абдуллабад, Еламан, Тоғыс, Бадам, Бадам-1, Маятас, Қарабастау, Айнатас, Оңтүстік тұрғын алабтарының жаңа қоныстарына біріккен жоба жасалып, нәтижесінде, 2321 үй сапалы жарық пайдаланып отыр. Ақпарат құралдарындағы жа­ңалық­тардан елорда ірге­сін­дегі елді мекендерде әлі күн­ге дейін су мәселесі шешімін тап­паға­нын аңғару қиын емес. Сол себеп­ті Индустрия және инфра­құры­лымдық даму министр­лігінің  Құрылыс және ТКШ комитеті, Сумен жабдықтау және су бұру басқармасының бас сарапшысы Бексұлтан Бегалиевке хабар­ласып, мән-жайды білген едік.
Жыл соңына дейін ауданның сапалы электр қуатымен қамтылу көрсеткіші 99,8%-ға жетеді деп жоспарлануда. Ал, таза ауыз судың деңгейі 94,5 %-ды құрап отыр. Дәл қазіргі таңда, 6 елді мекенде құрылыс жүруде. Олар қалаға қосылған 6 елді мекеннің (3,4%) жаңақұрылыс аймақтары. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і жүргізеді. Қазіргі таңда Қарабастау тұрғын алабының жаңақұрылыс аймағында құрылыс жұмыстарының біршамасы аяқталып, қазан-қараша айларында толық аяқталады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, көгілдір отын мәселесін толықтай шешу 2025 жылға дейінгі жоспарға енгізілген.
– Жаңа құрылыста тағы бір шешімін күтіп тұрған іс – газ құбырын тарту. Табиғи газбен қамту бойынша жобалық-смета құжаты әзірленіп жатыр. 2024-2025 жылдардың жоспарына енгізіп, халықты сапалы газбен қамтамасыз етеміз деген сенімдеміз, – дейді аудан әкімі Досбол Есілбек.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

Учаскелік полиция инспекторы Михаил: «Қазақ тілімен қарыштап алға, қазақ боп өмір сүрем мен»

smarttop

ШЫМКЕНТ: КЕМІРГІШТЕРГЕ ҚАРСЫ КӨКТЕМГІ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

smarttop

ШЫМКЕНТТІК МЕРГЕНДЕР ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

smarttop

Пікір қалдыру