Бүгінде мемлекет денсаулық сақтау саласын қаржыландыру бойынша өз міндеттемелерін толығымен орындауда. Шымкент қаласы бойынша тегін медициналық көмек 59, 6 миллиард теңге көлемінде қаржыландырылған.
Қазіргі кезеңде міндетті медициналық сақтандыру жүйесіндегі мемлекеттің рөлі маңызды. Себебі мемлекеттік бюджетке түсетін ауыртпалық міндетті медициналық сақтандыру аясында жарнаның барлық кірістерінің саны, Шымкент қаласы бойынша 15 санатқа кіретін азаматтар санының 60% құрайды. Ал қала үшін 50, 1 миллиард теңге.
МӘМС-ті алып тастасақ, одан кім ұтады? МӘМС жүйесінің еңгізілгеніне үш жарым жыл болды, осы мерзімнің ішінде 2 жыл коронавирустық пандемия орын алды, яғни нақты жұмыс жасап жатқанына 1, 5 жыл болды. «Жүйені жою — ол қайта құру емес», біз МӘМС жүйесін еңгізуге 10 жылдан бері жұмыс жасаудамыз, бұл әлемдік тәжірибе және оның негізгі мақсаты халықтың осал топтарының балалардың, зейнеткерлердің, мүгедектердің және т.б. денсаулығын қорғау.
Бүгінде Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Шымкент қалалық филиалы тарапынан тұрғындардың медициналық қызметтерге қолжетімділігіне жыл бойы ұдайы мониторинг жүргізілуде. Мониторинг жұмысының нәтижесі туралы бас дәрігерлердің қатысуымен өткізілген штаб отырыстарында бірнеше рет талқыланды.
Салыстырмалы түрде алғанда медициналық қызметті негізсіз ұзақ күту мәселелері 2022 жылмен салыстырғанда оң динамикада. Атап айтқанда, 2023 жылдың қаңтар айына тұрғындарға 3409 КТ/МРТ қызметінің 3405-і (99,9%) алғашқы 3 күн ішінде көрсетілген. Бұл көрсеткіш 2022 жылы 90,6% құраған болатын. Сұранысқа жиі ие бейінді мамандардың кеңестері (кардиолог, гинеколог, невропатолог, пульмонолог) мен зерттеулер (рентген, УЗИ) бойынша жалпы 73 602 қызметтің 73 587-і, яғни, 99,8% алғашқы 3 күнде көрсетілсе, 2022 жылы 66 258 қызметтің 6050-і, яғни, 90,6% көрсетілген.