0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

МЕГАПОЛИСТІ ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛ КАРТАСЫ БЕКІТІЛДІ

«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында Саяси кеңес Бюросының отырысы өтті. Онда 5 жылға арналған үшінші мегаполисті дамытудың Жол картасы талқыланып, бекітілді.
Саяси Кеңес мүшелері, қалалық мәслихат депутаттары, «Жастар Рухы» жастар қанаты, партияластар мен БАҚ өкілдері қатысқан мәжілісті қалалық филиал және мәслихат төрағасы НАРЫМБЕТОВ Бахадыр Мәдәліұлы ашып, жүргізді.
«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша Жол картасы 4 басымдық, 100 тармақ пен 452 іс-шарадан тұрады.
Жол картасы – бұл сайлауалды бағдарламаның әрбір тармағы бойынша көрсеткіштерді, мерзімін және орындаушылары көрсетілген нақты іс-қимыл жоспары. Келелі бас қосуда партия филиалының төрағасы алдағы міндеттердің бірі сайлауда берген уәделердің іске асырылуы екенін атап өтті.
– Бағдарламада қаланы дамытудағы өзекті мәселелердің шешілу жолдары белгіленіп, бірнеше бағытқа топтастырылған. Оны іс жүзінде тиімді іске асыру үшін арнайы Жол картасы әзірленіп, 452 іс-шарадан тұратын құжатта Сайлауалды бағдарламада аталған барлық іс-шаралар мен көрсеткіштер ескерілген және әр жылға бөлінген. Аталған Жол картасы барлық мемлекеттік органдармен келісілген, халықтың талап – тілегі ескерілген»,- деді Бахадыр Мәдәліұлы.
Жол картасына сәйкес, қаламызда 2027 жылдың соңына дейін 5,5 миллион ш.м. тұрғын үй салынады, 90 мың жұмыс орны ашылады, кәсіпкерлік саласында жұмыспен қамтылғандар саны 230 мың адамнан асады, жастар жұмыссыздығының деңгейі 3,2%-ға дейін төмендеп, 18 медициналық мекеме, перзентхана және көпбейінді аурухана ашылады, 50 мектеп пен 10 қосымша ғимараттар салынады. Сондай-ақ, партия қала тұрғындарының 100% таза ауыз суға, сапалы электр энергиясына, табиғи газға қол жеткізуін қамтамасыз етеді деген жоспары бар.
Жиында Жол картасын іске асыру жөнінде алда бірлесе атқарылатын жұмыстар айқындалып, күн тәртібінде қаралған мәселелерге қатысты нақты қаулылар қабылданды

Ұқсас ақпараттар

ҚЫЗЫЛЖАРДАҒЫ ЖАҢА ҚҰРЫЛЫСТЫҢ БАС АЛУЫ

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІ «МЕТАЛЛУРГ» СТАДИОНЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫН ТЕКСЕРДІ

smarttop

ТҮРКІСТАН: ТАБЫСТЫ ЖАСЫРМАУ, САЛЫҚТАН ЖАЛТАРМАУ – ҮЛКЕН МІНДЕТ

smarttop

Пікір қалдыру