9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 3 ЖЫЛДА 12 ІРІ КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

🔷 Шымкент еліміздің үшінші мегаорталығы ретінде халық санының демографиялық өсуі жағынан, инвестициялық динамикалық көрсеткіштері жағынан да белсенді дамып келе жатқан қала. Шымкент қаласының аумағында отандық өнім өрісі кеңейіп, құрылыс, түсті металлургия, фармакология, кондитерлік салаларда кәсіпорындар саны артып, жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамту қарқын алды. 🔷 Сонымен Шымкент қаласында соңғы 3 жылда іске қосылған ірі жобалар тізімі: 🔷 2020 жылғы отандық өнімдер: 1. «Sin Yuan Steel» металлургиялық зауыты салынды. Жоба құны 18 млрд. теңге. Жылдық қуаттылығы 500 мың тонна металл өңдеу. Жоба аясында 150 жұмыс орны құрылды. 2. «NURTAU distribution company» — кондитерлік фабрика құрылысы жүргізілді. Жоба құны 1,4 млрд. теңге. Жылына 6 мың тонна кондитерлік бұйымдар өндіреді. Жоба аясында 60 жұмыс орны ашылды. 3. «Авелар Солар Технолоджи» — 20 мВт күн электр станциясының құрылысы бой көтерді. Жоба құны 6 млрд. теңге. 4. «Рахат-Шымкент» кондитерлік қантты печенье өндірісі ашылды. Жоба құны 3,2 млрд. теңге. Жылына 3 мың тонна тәтті өнім өндіреді. Жоба аясында 34 жұмыс орны құрылды. 5. «Shymkent Smelting» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі — қара қорғасынды қайта өңдеу жобасы. Жоба құны 3 млрд. теңге. Жоба аясында 100 жұмыс орны құрылды. 2021 жыл: 1. «Шымкент химиялық компаниясы» І кезеңде метил-трет бутил эфирі мен полипропилен өндірісін қолға алды. Жоба құны 13 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 54 мың тонна. Жоба аясында 130 жұмыс орны құрылды. 2. «Алан и компания» ЖШС — жеміс және көкөністі қайта өңдеу жобасы. Жоба құны 1,5 млрд. теңге. 2022 жыл: 3. «QazAlPack» ЖШС — алюминий банка өндірісі. Жоба құны 23,4 млрд. теңге. Жылдық қуаттылығы 500 млн. дана алюмин банкілері. Жоба аясында 145 жұмыс орны құрылды. 4. «Dala Construction» ЖШС — үй құрылысы комбинатын салу. Жоба құны 2,9 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 100 мың м2 темір бетондарын шығарады. Жоба аясында 50 жұмыс орны құрылды. 5. «Standard Steel KZ» ЖШС — түсті металл концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу қондырғысын салу. Бірінші кезектегі жоба құны 2,5 млрд. теңге. Жоба аясында 200 жұмыс орны құрылды. 6. «Завод Авангард» ЖШС — шыны конструкциялар өндіру. Жоба құны 5,8 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 800 мың м2 шыны конструкциялары. Жоба аясында 50 жұмыс орны құрылды. 7. «Dentafill Kazakhstan» ЖШС — гигиеналық және дәрілік бұйымдар өндірісі. Жоба құны 2,5 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 20 млн. дана дәрі-дәрмек бұйымдары. Сонымен қатар, 2023 жылы: 1. «Shymkent Temir» ЖШС – болат-блюм өндірісін кеңейту жобасын іске қосу жоспарлануда. Жоба құны 5 млрд. теңге. Жобаның қуаттылығы жылына 250 мың тонна болат-блюм өндіру. Жоба аясында 50 жұмыс орны құрылатын болады. 2. «Hydrogen energy» ЖШС — сутегі асқын тотығын өндіру. Жоба құны 4 млрд. теңге. Жобалық қуаттылығы жылына 8 мың тонна, 25 жұмыс орны құрылады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ГЕОПОРТАЛ ЖҮЙЕСІ АРҚЫЛЫ ЗАҢСЫЗ ҚҰРЫЛЫСТАР БАҚЫЛАУДА БОЛАДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЙТАРЫМСЫЗ ГРАНТ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ЖОЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕРДІ ЗАҢ ҮСТЕМДІГІНДЕ ШЕШУ

smarttop

Пікір қалдыру