4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 5 МЫҢНАН АСТАМ АДАМ СУБСИДИЯЛАНАТЫН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНА ОРНАЛАСТЫ  

Жұмыс берушілер қала тұрғындарын «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны», «Ұрпақтар келісімшарты» және «Күміс жас» жобалары шеңберінде субсидияланатын жұмыс орындарына, әлеуметтік және қоғамдық жұмыстарға қабылдайды. Жұмысшылардың еңбек ақысы бағдарлама талаптарына қарай мемлекет есебінен толығымен немесе ішінара төленеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығы арқылы жыл басынан бері 5 мыңнан астам адам жұмысқа орналасқан.

Субсидия – салыққа қарама-қарсы ұғым. Субсидия сатып алушы мен сатушы табыстарына қосымша төлем жасау немесе субсидия алушы тарапқа артықшылық беру үшін өндіріс шығындарын төмендету. Субсидиялар, үкімет пікірінше, қазіргі уақытта жеткілікті түрде дайындалған, ол «жақсы тауарды» тұтынуды марапаттағысы немесе қаржылық қолдағысы келген кезде беріледі. Басқа жағынан, салықтар, үкімет пікірінше, шамадан тыс «жаман тауардан» яғни шамадан тыс баға қойған немесе жаман өндірістері бар тараптан алынуы мүмкін. Судсидиялар, әдетте сатушыға беріледі және өндіріс құнын төмендететін әсері болады. Субсидиялар түрлі салада болады. Яғни, білім беру, көлік, ауыл шаруашылығы, өңірлік даму, тұрғын үй және жұмыспен қамту сияқты салаларға берілуі мүмкін.

Грант – қайтарымы сұралатын немесе жұмыс есебі талап етілуі мүмкін категория. Мысалы қоғамдық жобаларға грант бөлініп, соңында оның есебі жасалады, мемлекет білім грантын бөліп, оның өтемін мамандық бойынша жұмыс арқылы талап етеді. Ал субсидия тағайындалғанда оның өтемі немесе аналог қайтарымы болмайды.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде де жазылған: «Инвестициялық субсидия – ҚР заңды тұлғасына өтеусіз және қайтарымсыз негізде инвестициялық преференция ретінде берілетін бюджеттік субсидияның түрі».

🔷 Жалпы, жыл соңына дейін тағы 500-ден астам адамды субсидияланатын жұмыс орындарына орналастыру жоспарлануда. Жұмыссыз азаматтар тұрғылықты мекен-жайлары бойынша халықты жұмыспен қамту бөлімдеріне жүгіне алады. Мамандар тиісті талаптар негізінде келісім-шарт түзілген мекемелердегі бос жұмыс орындарына жолдама береді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: ЗАҢ КОНСУЛЬТАНТТАРЫ ДА МЕМЛЕКЕТ КЕПІЛДІК БЕРЕТІН ЗАҢГЕРЛІК КӨМЕК (МКЗК) КӨРСЕТЕТІН БОЛАДЫ

smarttop

БАСПАНАМЕН ҚАМТУ ЕҢ БАСТЫ МІНДЕТ

smarttop

ЕҢБЕК КОДЕКСІНДЕ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БОЙЫНША ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІҢ ДЕ ҚҰҚЫҚТАРЫ АЙҚЫНДАЛҒАН

smarttop

Пікір қалдыру