22.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНДА АУЛА ІШІЛІК КӨШЕЛЕР АСФАЛЬТТАНДЫ

🔷 Шымкент қаласы Тұран ауданы аумағында орналасқан көп қабатты тұрғын үйлер маңын ретке келтіру және тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін аула ішіндегі көшелерді асфальттау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта кестеге сәйкес абаттандыру жұмысы: • Желтоқсан көшесі №4,6 • Бейбітшілік көшесі №20,22 • Мангелдин көшесі №40 • Отырар ш/а, 15/1 • Байтұрсынов көшесі №59А • Жандосов көшесі №2 көп қабатты тұрғын үй ауласында жүзеге асырылып, аула ішілік көшелер ретке келтірілді және асфальтталды.

Сондай-ақ, Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар алдағы уақытта дәл осындай абаттандыру жұмыстары Тұран ауданынына қарасты мына мекен-жайларда, мәселен: • Отырар ш/а №10 • Отырар ш/а №59 • А.Байтұрсынов көшесі №79 • Ғ.Иляев көшесі №13 • 4 ш/а №21 • Ю.Гагарин көшесі №68 • Ю.Гагарин көшесі №88 • 1 Мамыр көшесі №21 • Ш.Қалдаяков көшесі №8 • Ш.Қалдаяков көшесі №20 • Б.Майлин көшесі №3,5 • Ю.Гагарин көшесі №145 • Ю.Гагарин көшесі №143 көп қабатты тұрғын үйлер жанында асфальт жабынын ретке келтіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

58.1 МЛН ТЕҢГЕ АЙЫППҰЛ САЛЫНДЫ

smarttop

Полицейлер жасөспірімдерге суға шомылудағы қауіпсіздік жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚОС КІТАПТЫҢ ТҰСАУКЕСЕР РӘСІМІ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру