4.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

Шымкент: Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері балалар үйінің тәрбиеленуші қыздарын мерекемен құттықтады

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері №4 балалар үйінің тәрбиешілері мен тәрбиеленуші қыздарын мейраммен құттықтап, құрметке бөледі.

Кішкентай аруларды айтулы мерекемен құттықтап, сый-сияпаттары мен гүл шоқтарын табыс етті. Өз кезегінде қуанышын жасыра алмаған олар алғыстарын жеткізіп, әсерлерімен бөлісті.

«Біз — шымкенттік полицейлер №4 балалар үйінің тәрбиеленушілерін 2019 жылдан бері қамқорлығымызға алғанбыз. Сол уақыттан бері ешбір мерекеде ұмыт қалдырмай, осылайша құттықтап, құрмет көрсетіп келеміз. Балалар — әркез біздің назарымызда. Ондағы кішкентай бүлдіршіндерге қуаныш сыйлау — біз үшін парыз деп санаймыз. Осы көктеммен қатар келген 8-наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесінде де, мейрам иелеріне сый-таралғы бердік. Балалар үйіндегі әр бала — бақытты болуға лайық және қоғамда өздерін кеміс сезінбеулері үшін біз мейлінше қол созуға дайынбыз! Ендеше, мұндағы кішкентай ару қыздарымызға жүздеріңізден күлкі кетпей, шаттықтың шапағаты мен нұрына бөленіп жүре беріңіздер деген тілек арнаймыз», -дейді Патрульдік полиция полкінің командирі  полиция полковнигі А.Жүзжасаров.

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ САЙРАМ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСІП, ӨТІНІШТЕРІ МЕН ҰСЫНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

smarttop

ТҮРКІСТАНДЫҚТАР СУ БАСҚАН АЙМАҚТАРҒА БАРЫНША КӨМЕК КӨРСЕТІП ЖАТЫР

smarttop

1 МИНУТ ҮНСІЗДІК

smarttop

Пікір қалдыру