Smarttop.kz

Жер алып беремін деп тұрғынның 3 миллионға жуық ақшасын алған ер адам анықталды

Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, танысы «10 соттық жер алып беремін» деген желеумен алдын ала 2.700.000 теңге ақшасын алған. Айтқан уәдесінде тұрмай, әбігерге салған ер адамды жауапқа тарту үшін полицияның көмегіне жүгінген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркелді.
Тәртіп сақшылары алаяқтыққа қатысы бар күдіктінің жеке басын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, полицияға жеткізілді.
Қазіргі уақытта оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Ұқсас ақпараттар

НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІ АУДАНДАРДА ЖАЛҒАСТЫ

smarttop

Аудандық полициядағы бірінші жедел басқару орталығы: қауіпсіздікке бағытталған инновациялық тәсіл

smarttop

ЕНДІ ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру