28.3 C
Шымкент
Суббота, 7 июня, 2025
Smarttop.kz

Түркістан облысы полицейлеріне жедел кеңес өтті

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алуға бағытталған шаралар туралы» жедел кеңес өтті.
Оған Шардара, Мақтаарал, Жетісай, Келес, Арыс, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарының учаскелік полиция инспекторлары, патрульдік полиция тобы мен батальон қызметкерлері қатысты.
Жиынның кіріспе сөзін алған Б.Айтпаев: «Жеке құрам арасында тәртіп пен заңдылықты сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге бағытталған жұмыстарды қатаң бақылауға алыңыздар! Жалпы ҚР ІІМ-мен жеке құрамның тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін жасалып жатқан шаралар аз емес.
Сондай-ақ Сіздердің жұмыстарыңызды жеңілдету мақсатында, цифрландыру жұмыстары жолға қойылды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық полиция органдарындағы ғимараттарды «жаппай» бейнебақылау камераларымен («сплошное видеонаблюдение») қамтамасыз етілді. Ендігі кезекте халыққа қалтқысыз қызмет етіңіздер!»-деп атап өтті.

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ 32 КОЛЛЕДЖДЕ 32816 СТУДЕНТ БІЛІМ АЛУДА

smarttop

АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН АЛА АЛАДЫ

smarttop

345 МИЛЛИОН ЖӨРГЕК ӨНДІРЕТІН ЖАҢА ЗАУЫТТЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛМАҚ

smarttop

Пікір қалдыру