14.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

Полицейлер 1 тәулікте 2 есірткі егу дерегін анықтады, оның бірі фитозертханадағы жайт

Өскелең ұрпақтың тәрбиесі, оның ішінде жастардың есірткіге, түрлі құмар ойындарға, заңсыз әдеттерге әуес болуы үлкен мәселе. Бұл туралы Мемлекет басшысы Түркістан қаласында өткен құрылтайда айтып өтті. ҚР Президенті көрсеткен бағытта, ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысында есірткі қылмысы, оның заңсыз айналымына тосқауыл қоюда тәртіп сақшыларымен тыңғылықты шаралар атқарылуда.
Бұл туралы Түркістан облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Қ.Сахов мәлімдеді. Қылмыстардың ашылуы мен қылмыскерлерді құрықтауда жедел әрекет ететін полицейлерді қадағалап, жұмысты үйлестіріп, басы-қасында жүретін полиция полковнигі Қ.Саховтың айтуынша, тәжірибелі тәртіп сақшыларының шұғыл қызметі нәтижесінде 1 тәулікте екі бірдей есірткі өсіру дерегі анықталды.
Мәселен Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері «Қарасора-2023» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында, есірткіні ерекше әдіспен өсірген кентаулық тұрғынды анықтады. Ер адамның үйін тінту кезінде, жатын бөлмесінен ішінде есірткіге ұқсас заты бар 11 сіріңке қорабы табылды. Одан әрі жедел ақпарат көздері арқылы оның ағасының үйінде есірткі өсіретіні анықталды. Нақтырақ айтсақ, күдікті жас жігіт, туысының пәтеріне есірткі өсімдіктерін өсіруге арналған фитозертхана жасаған. Яғни пәтердің бір бөлмесін арнайы фитожарықтандырғышпен жабдықтап, есірткінің өсуіне қажетті барлық жағдайды қамтамасыз еткен.
Жедел уәкілдер оқиға орнынан «заңсыз бақша» яғни есірткіге ұқсас өсімдік өсірілген 18 гүл құмырасын тапты. Бұл ыдыстардан 46 сабақ пен 3 түп «сора» өсімдігі тәркіленіп алынды. Алынған есірткі заттарына сараптама тағайындалып, зерттеу қорытындысы «марихуана» есірткісі екенін растады. Одан бөлек пәтерден 12 калибрлі тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді. Тексеру кезінде бұл қару бірнеше жыл алдын болған пәтер ұрлығы кезінде ұрланған қару болып шықты. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ ПД-нің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының тәжірибелі жедел уәкілдері деструктивті діни ағым жақтаушы ретінде есепке алынған түркістандық ер адамды есірткі егумен айналысқаны үшін құрықтады. Тәртіп сақшылары анықтаған жедел ақпарат нәтижесінде, күдіктінің ауласынан 2300-ге тарта егілген есірткіге ұқсас түптер алынды. Сонымен қатар шыны ыдысқа салынған есірткіге ұқсас зат алынды. Сараптама тағайындалды. Нәтижесінде алынған түптер жалпы салмағы 60 келіге жуық «сора» есірткісі болып шықты.
Ал шыны ыдыстағы 35 грамнан асатын марихуана екені дәлелденді. Күдікті қамауда.
Аталған екі дерек те ҚР ҚК-нің 300-бабы 2-бөлігімен тіркелді, тергеу жалғасуда. Осы тұста Түркістан облысының полицейлері ескертеді, есірткіге қатысты қылмыстарға Заңмен жауапкершілік қарастырылған. Өз өміріңіз–өз қолыңызда десек, зиян әдеттерден аулақ жүріңіз!

Ұқсас ақпараттар

№ 8 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ЖАҢА ОҚУ КОРПУСЫ КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

smarttop

ҚЫТАЙЛЫҚ КОМПАНИЯ ІРІ ҚОҚЫС ӨҢДЕУ КЕШЕНІН САЛУ ЖОБАСЫНА ИНВЕСТИЦИЯ САЛМАҚ

smarttop

ЕНДІ ДАЙЫН ҚҰЖАТТЫ «ЯНДЕКС» ЖЕТКІЗЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру