8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

Мінсіз қызмет атқарған полицейлер марапатталды

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бұйрығына сәйкес еңбек сіңірген жылдарын ескеріп, мінсіз қызмет атқарып жүрген Мақтаарал АПБ-ның жеке құрам қызметкерлері ҚР ІІО-ның I, II, III — дәрежелі медальдарымен наградталды. Іс-шара барысында өзінің саналы ғұмырын құқық қорғау саласына арнап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген Мақтаарал ауданының учаскелік полиция бөлімінің полиция майоры Естау Ержанов «Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының ардагері» төсбелгісімен, полиция майоры Нұрлыбек Басымбеков және полиция капитаны Нүркен Шамсудин ҚР Ішкі істер органдарының «Мінсіз қызметі үшін» III дәрежелі медальдарымен марапатталды. Шара соңында марапатталғандар өздерінің алғыстарын білдіріп, жүрекжарды тілектерін арнады. Олар халық үшін алдағы уақытта да мінсіз қызмет атқаратындықтарын айта кетті.

Ұқсас ақпараттар

МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДА ТАРИХИ ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНДЫ

smarttop

ТАБИҒИ ГАЗБЕН ТОЛЫҚ ҚАМТУ ҮШІН 15 НЫСАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҮРУДЕ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ҚОЙМА КЕШЕНІ САЛЫНУДА

smarttop

Пікір қалдыру