1.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ИНВЕСТОРЛАР ЕҢ ҮЛКЕН ҚОҚЫС ӨҢДЕУ ЗАУЫТЫН САЛАДЫ

🔷 Шымкентте ауаның ластануының алдын алу және коммуналдық қалдықтарды кәдеге жарату мәселесін шешуде еліміздегі алғашқы қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарлануда. Қоқыс өңдейтін зауыттың қуаттылығы жылына 300 мың тоннаға дейін қалдық шығаратын болады. Жобаны жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлар тартылуда. Бүгінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Шымкент қаласы әкімдігі аталған жоба бойынша келіссөздер жүргізуде. Бүгінде бұл салаға Қытай, Германия, Испания мемлекеттерінің инвесторлары қызығушылық танытқан.Инвестиция дегеніміз — табыс алу үшін шаруашылық жүргізуші субьектілері салатын қаражат. Ал оны жүзеге асыратын адамды инвестор деп атаймыз. Инвестор — үнемі табыс алуға, капитал құнының өсуіне мүдделі болады. Біздің елімізде инвесторларды шетелдік және ұлттық деп екіге бөледі. Шетелдік инвестор дегеніміз өзге елдің азаматтары болса, ұлттық инвесторлар Қазақстанда тұрақты тұратын, отандық инвестицияны жүзеге асыратын адам. Инвестор қаржысы салыну мақсаты мен қаржыландыру көздеріне қарай капиталға салынатын инвестиция, шетелдік инвестиция және қоржындық инвестиция болып бөлінеді. Ол инвестиция қаржылану уақытына қарай қысқа және ұзақ мерзімдік инвестиция болып қарастырылады. Қазіргі күні бір кәсіпті нөл қаражатпен бастау үшін инвестор, болмаса серіктес табудың маңызы зор. Әрі бұл соңғы кезде жиі тәжірибеден өтіп жүр. Өз кәсібіңізді қаржыландыратын инвестор табу үшін түрлі бизнес тренингтер мен семинарларға жиі бару керек. Сондай-ақ, ондай шараларда өз стартабыңызды жарнамалаудан қорықпау керек.
Қалдықтарды жерге көмбей, жағу арқылы электр энергиясын алу эколог мамандардың да қызығушылығын арттырып отыр. 🔷 Негізгі аспект – бұл жобаны іске асыруда мемлекеттік қаражатты тартпай және өңдеуден кейін қалдықтардың түзілуін барынша азайтуды қамтамасыз ету болып табылады. 🔷 Биыл ақпан айында қалалық полигон қайтадан мемлекеттік меншікке қайтарылды. Осы уақытқа дейін жинақталған қалдықтарға топырақ төсеу жұмыстары жүргізіліп, қазір полигон жағдайы едәуір жақсарды. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

№34 БАҒЫТТАҒЫ АВТОБУСТАР ЖАҢАЛАНДЫ

smarttop

«ҚОҒАМДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДЕ АҚСАҚАЛДАР КЕҢЕСІНІҢ РӨЛІ ЕРЕКШЕ»

smarttop

Отырарлық полицейлер суға шомылу маусымында тұрғындарға ескерту жасады

smarttop

Пікір қалдыру