3.3 C
Шымкент
Воскресенье, 10 ноября, 2024
Smarttop.kz

АШЫҚ ҚОҒАМДЫ ҚАЛЫПТАСЫТУДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМНЫҢ ӨТКІЗІЛУІ

Мемлекет басшылығындағы 2025 жылға дейінгі тапсырмалар берілді. Мемлекет басшысы осындай қажетті-қажетсіз қағазбастылық жемқорлыққа, сыбайластыққа жол ашатынын сынға алды. 2025 жылға дейін жергілікті жолдардың кемінде 95 пайызын жақсарту жөнінде тапсырма берді». Бұл туралы Достық үйінде өткен жиында Шымкент қалалық мәслихатының депутаты С.Қуандық тоқталып өтті.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауы ҮЕҰ мен ҚХА мүшелері арасында сөз қозғалды.

— Мемлекет басшысы жыл басынан бері екі мәрте, яғни наурыз және қыркүйек айында халыққа Жолдау жолдады. Алғашқы құжатта Мемлекет басшысы Жаңа Қазақстанды қалыптастыру жолындағы негізгі бағыттарға тоқталды. Референдум өткізіп, Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу арқылы әділетті, әрі ашық қоғам қалыптастыруды қолға алды. Тіптен, өзгерісті өзінен бастады десек артық емес. Яғни, Президенттің туыстары жоғары лауазымды мемлекеттік қызметке тағайындалмайтын болды. Ал, қыркүйектегі құжатта білім, медицина мен әлеуметтік салаға басымдық берілді. Мемлекет басшысы «Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы. Әрбір отбасы еліміз пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек» дей келе, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырды, — деді Сұлтанғали Қуандық.
Сонымен қатар, қонақтар арасында жиын барысында үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын ширатып, ел арасында  қоғамдағы белсенділігін арттыру мақсатында да атқарылып жатқан жұмыстар баяндалды. Кездесу қонақтары өзара пікір алмасты. Мемлекет үшін жасау,  ашық қоғамды ұсыну арқылы референдумдағы рөлін ашып  жеткізді.

Ұқсас ақпараттар

Ғ. Сыздықбеков шұғыл түрде тапсырмалар жүктеді

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ БҰҚАРАЛЫҚ СПОРТҚА ОҢ БЕТБҰРЫС БАР

smarttop

БІЛІМ БЕРУ САПАСЫН КӨТЕРУ – БАСТЫ МАҚСАТ

smarttop

Пікір қалдыру