0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ БАРЛЫҚ НЕГІЗГІ МАКРОЭКОНОМИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРДЕ ӨСІМ БАР

🔷 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі қаңтар-маусым айлары аралығындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралды. 6 айдың қорытындысы бойынша Шымкент қаласының барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерінде оң өзгерістер байқалғаны, өсім динамикасы тіркелгені атап өтілді. Мегаполисте негізгі капиталға бағытталған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайызға артты. Құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізіліп, көлемі 14 пайызға өсті. Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 32,3 пайызға артты. 🔷 Сонымен қатар, жалпы сауда көлемі 7,3%-ға, оның ішінде, бөлшек сауда 21,4 пайызға өскені байқалды.

Теория жағынан экономикалық өсу дің негізгі 2 типі болады: экстенсивті және интенсивті. Экстенсивтік типінде материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының басым көпшілігін қолдану арқылы жүреді.

Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады – өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары біліктілігі мен жоғары еңбек өнімділігі бар – жұмысшы күшін пайдалану арқылы.

Нақты өмірде экономикалық өсудің бұл типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді.Экономикалық тепе-теңдікте дамуын сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы, өзгерістердің бағыты мен дәрежесі экономикалық конъюктураны құрайды. Экономикалық конъюктураны сипаттау үшін бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. (ЖҰӨ, жұмыссыздық дәрежесі, жеке табыстар, өнеркәсіп өнімі және т.б.). циклдың қозғалысында экономикалық параметр белгісінің өзгеруіне байланысты, олар проциклдік, контрциклдік және ациклдік болып бөлінеді.

Үкімет басшысы жауаптыларға өңірлерді дамытуда бірқатар тапсырмалар жүктеп, жалпы қабылданып жатқан шаралардың тұрақты мониторингін қамтамасыз ету керектігін атап өтті. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАП, ӨТІНІШТЕРІН ТІКЕЛЕЙ ТЫҢДАУ МӘСЕЛЕНІ ЖЫЛДАМ ШЕШУГЕ ЖОЛ АШАДЫ

smarttop

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ АТА-АНАЛАРМЕН БАЙЛАНЫСТЫ АРТТЫРУҒА АРНАЛДЫ

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИДЕ 2024 ЖЫЛҒА ДЕЙІН 16 КӨШЕ АСФАЛЬТТАНАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру