Жаңа жобаның мақсаты — науқастарға сапалы және жедел көмек көрсету, озық инновациялық технологияларды пайдалану, мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру болып табылады. Жоба аясында әр отбасыдағы әлеуметтік проблемалар назарға алынып, дұрыс тамақтанбау, әлеуметтік жағдай, ішімдікке салыну, отбасындағы психикалық жағдайларға қатысты туындаған проблемаларды шешу арқылы пациентке қолдау көрсетіледі. Бүгін «Primary Health Care» ұлттық қауымдастығының өкілдері денсаулық сақтау басқармасының басшысы Н. Асылбековпен бірге жергілікті емханаларды аралап, тәжірибелер орталығы моделін бастапқы медициналық-санитариялық емдеу мекемелеріне енгізу барысын талқылады.
Бұйрыққа сәйкес жедел жәрдем бригадасының құрамына парамедик – алғашқы көмек көрсету бойынша қосымша функцияны орындай алатын және шақыруларға қызмет көрсету бойынша жедел медициналық жәрдем бригадаларының жұмысына қатыса алатын алғашқы көмек көрсету бойынша кәсіптік даярлық курсынан өткен адам кіреді.
Халықтың саны 100 000 адамнан тұратын моноқалаларда жергілікті атқарушы органдардың қалауы бойынша дербес жедел медициналық жәрдем станциялары ұйымдастырылады. Дәрігерлік бригадалардың саны құрамына мамандандырылған (дәрігерлік), оның ішінде балалар қарқынды терапия бригадалары, бейінді бригадалар (кардиологиялық, педиатриялық) кіретін бригадалардың жалпы санының кемінде 25% -ын құрайды.
Жоспар бойынша, биыл үздік тәжірибе орталығы жобасы №1, №3, №6, №7 қалалық емханаларында енгізілетін болады. Емханалардың бас дәрігерлері арнайы оқудан өтіп, кәсіби біліктілігін шыңдайды. Алдағы уақытта жаңа жобаны өзге де мемлекеттік және жекеменшік емдеу орталықтарына да енгізу жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі