Қазір қаладағы 81 шағын ауданның 24-і канализациямен қамтамасыз етілген. Биылғы жылдың жоспарына сәйкес Мирас және Шапағат-2 шағын ауданында кәріз жүйесін қамту мақсатында жалпы ұзындығы 50,4 шақырым құбыр жүргізілуде. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болып, құрылыс жұмыстарымен танысты. Осыған дейін жұмыстардың 80% аяқталған. Құрылыс процесіне 30 жұмысшы, 7 арнайы техника жұмылдырылды. Айта кетейік, аталған елдімекендерге канализациялық желілерді тарту бағытында 2020 жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірленіп, сараптамалық қорытынды алынған болатын. Кәріз жұмыстарының құрылысына арнайы қаражат 2021-2023 жылдар аралығында бөлінгендіктен, қазір мұнда мердігер мекема тарапынан жұмыстар қарқынды жүруде. Сонымен қатар биыл Тассай, Тұранның ішкі жүйесі, Қайтпас-2, 112-орам, Бозарық шағын аудандарында құрылыс жұмыстары аяқталып, 60 мыңға жуық абонент кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Сылдырап аққан су бұлақтың емес, кәріз қалдығының суы. Қазақстан ауылындағы шарап зауыты, емхана және көпқабатты үйлердің қалдықтары құбыр арқылы қалаға қарай ағуы тиіс. Алайда құбыр жарылып, осыдан 3 жыл бұрын істен шыққан екен. Содан бері жөндеу көрмеген. Ал су әлі күнге дейін осылай ауыл арасында жайылып ағып жатыр. Тұрғындардың айтуынша, егіс даласына су жіберетін арыққа кәріздің қалдығы үнемі толып қалады.
Көптің басты талабы құбыр жарылған аумақтағы шұңқырды қоршау. Оның тереңдігі 2 метр. Оған қоса арықтың маңайына арнайы белгі қою қажет. Себебі, жер үйлерге жақын. Жағдайдан хабардар округ әкімі болған оқиғаға ата-ананы кінәлап, құбырды жөндеуге кірісетінін айтты.
Нәтижесінде қалада кәрізбен қамту көрсеткіші 60 % -дан 65 % -ға артады. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі