18.3 C
Шымкент
Среда, 22 апреля, 2026
Smarttop.kz

58 МЫҢ ТҰРҒЫНҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕТІН ЕМХАНА КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

🔷 Шымкент қаласы Еңбекші ауданына қарасты №5 қалалық емхана ғимараты күрделі жөндеуден өтіп жатыр. 1984 жылы қолданысқа берілген емхананың алдағы уақытта инженерлік желілері түгел ауыстырылады. Сондай-ақ, сыртқы қасбеті жаңартылады. Қала әкімі Мұрат Әйтенов шілде айының 1-інен басталған емхана құрылысы жұмыстарының жай-күйімен танысты. Төрт айға созылатын жөндеу жұмыстары бірінші кезекте сапа жағына мән берілу керек. 🔷 Амбулаториялық емханалық көмек көрсететін мекеме қазіргі уақытта 58 мыңнан астам тіркелуші тұрғынға медициналық қызмет ұсынып отыр.

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес, мекеме электронды жүйеге көшіп, жаңа бағыттарды енгізуде. Атап айтқанда, емханада КМИС (кешенді медициналық ақпараттық жүйе) порталы, электрондық тіркеу орны іске қосылды. Пациенттерді «Медициналық күнделік» арқылы қабылдауға жазу жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, емханада құрамында дәрігерлер, орта буынды қызметкерлер, әлеуметтік қызметкерлер бар 9 мобильді топ құрылған. Бұл ретте дене қызуы көтерілген науқастарды бақылау, тағайындаулар беру, пульсоксиметрмен сатурациясын өлшеу, рентгенография және КТ-ға жіберу, сонымен қатар, онлайн тұрғындарға кеңес беру, жеке салалы мамандармен онлайн кеңес ұйымдастыру, диспансерлық бақылауда тұратын созылмалы аурулары бар азаматтарға тегін дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары жүргізілуде. Білікті басшы Махамбет Бейсеуов басқарып отырған емханада қызмет көрсету  сапасы өте жоғары.Емханада күндізгі стационар жұмыс істейді. Бүгінге дейін 30 төсек-орынды күндізгі стационарда 924 науқас ем қабылдап, сауығып шықты. Қажетті дәрі-дәрмекпен толығымен қамтамасыз етілген.

Сондай-ақ, мұнда 500-ден аса медицина персоналы қызмет етеді. Қаламыздағы қырық жылдық тарихы бар емхананың күрделі жөндеу жұмыстары қараша айында аяқталады. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ОРАЛХАН БӨКЕЙДІҢ «ҚҰЛЫНЫМ МЕНІҢ» ДРАМАСЫ САХНАЛАНДЫ ⁣⁣⠀

smarttop

«НҰРЛЫ КӨШ» ПИЛОТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ БАСПАНАЛАРДЫ БАНК АРҚЫЛЫ НЕСИЕЛІК НЕГІЗДЕ РӘСІМДЕУЛЕР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

smarttop

ОҢТҮСТІК ҰЛАНДЫҚТАР КӨМЕККЕ АТТАНДЫ

smarttop

Пікір қалдыру