16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН ШАҒЫНАУДАНЫ КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛАДЫ

🔷 Қазір Тұран шағын ауданын ішкі орам кәріз жүйесімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі М. Әйтенов нысандағы үшінші кезектің жұмыстарымен танысып, құрылыс қарқынын қадағалады. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.

Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәрізбен қамту мақсатында, 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Тоғыс шағын ауданындағы магистралдық кәріз коллекторының құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтап, ондағы 24 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады.Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.Ал, Тұран шағын аудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылатын болады.Қазіргі таңда, 140 мың адамды құрайтын 14 шағын ауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы жұмыстары басталған. Құрылыс нысандары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.Осы жылдың соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 136 көпқабатты тұрғын үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса қаланы кәрізбен қамту көрсеткіші 49,1%- дан 52,3%-ға өседі.

🔷 М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға ең алдымен сапаны назарға алып, құрылыс қарқынын күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ жұмыстарды өндірістік кестеге сәйкес жыл соңына дейін аяқтап, нысанды қолданысқа беру бойынша бірқатар тапсырмалар жүктеді. 🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі!

Ұқсас ақпараттар

ТІСІ АУЫРҒАНДАРДЫ ТҮНДЕ ДЕ ЕМДЕЙДІ

smarttop

ТЕКЕСУ САПАЛЫ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛАТЫН БОЛДЫ

smarttop

М.ӘЙТЕНОВ МАЖАРСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

Пікір қалдыру