Smarttop.kz

«Жер алып беремін» деп тұрғынның 2.000 000 теңгесін алдап алған күдікті ер адам анықталды

Кентау қалалық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оған сырттай таныс ер адам «жер алып беремін» деп, қызметі үшін 2.000 000 теңге ақшасын алып, екі жыл бойы алдап келген.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алынды.
Тұрғынды алдап, ірі көлемдегі қаржыны қалтасына басқан күдікті ер адамды ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылып, қажетті шараларды атқарды. Нәтижесінде күдіктінің тұрғылықты мекенжайын анықтады. Ол жұмыссыз жүрген тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адамның бұрын осындай қылмысы үшін істі болғаны анықталды.
Қазіргі таңда оған қатысты осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Ұқсас ақпараттар

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 430 ҮЙ ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН АУЫЗ СУ ЖҮЙЕСІНЕ ҚОСЫЛДЫ

smarttop

Мемлекет басшысы АҚШ сенаторы Стив Дэйнсті қабылдады

smarttop

ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ ЖАҚСАРУДА

smarttop

Пікір қалдыру