Бүгінде 2873 тұрғын қоныстанған Нұртас шағын ауданын табиғи газбен қамтамасыз ету мақсатында құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Мердігер мекеме қазір елдімекенге ұзындығы 1,5 шақырымнан тұратын құбыр жүйелерін тартуда. Бүгін қала әкімі М. Әйтенов жауаптылармен бірге газдандыру жұмыстарын пысықтады. Нысан пайдалануға берілгенде елдімекен тұрғындары толық табиғи газбен қамтылады. М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға газбен қамту жұмыстарын қарқынды жүргізіп, өндірістік кестеге сай тамыз айында абоненттерді көгілдір газға қосуды тапсырды. Жоспар бойынша, құрылыс жұмысы жыл соңына дейін аяқталып, іске қосылатын болады.
Содан кейін, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан абоненттеу жұмыстары жүргізілетін болады. Комуналды төлем жағдайын белгілі Квт мөлшерімен өлшейді. Жарықпен қамтамасыз ету ол қаламыз үшінде сапалы жұмыс болмақ.
Бұдан басқа, қоғамдық көліктердің кестеге сәйкес жүруіне мониторинг жүргізу, су басу қаупі бар аймақтарда тиісті мекемелермен бірігіп ирригациялық арық орнату бойынша жұмыстар атқару, шағынаудандағы бұзылған жолдар мен аузы ашық құдықшалар, қисайған бағаналарды анықтап, тиісті мекемелермен ретке келтіруді қадағалау, топырақ көшеге шағал тас төсеу, көше тазалығын сақтау мақсатында рейдтік іс-шара ұйымдастыру күн тәртібіне қойылып, күннен-күнге тұрмысымыз түзеліп келеді.
Сонымен қатар, Нұртас елді мекенінде ішкі орамдық газ құбыры тартылуда.
Бүгінге дейін жұмыстардың 85 пайыздан астамы аяқталып, 15,7 шақырым газ құбыры орнатылды. Газ құбырын тарту жұмыстары толығымен жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Ішкі газ құбырлары Нұртас елді мекені үшін халық жағдайын жақсарту жәнеде қолайлылыққа әкелу. Газ құбырлары қойылып, бітуіне де аз қалды,орнатылып болғаннан мегаполистік деңгейде жүргізіледі.
Ағымдағы жылы Нұртастағы Тасанбаев және Хан тәңірі көшелері жарықтандырылады. Айта кетейік, үшінші мегаполисте қазіргі таңда, электрмен қамту деңгейі 97%-ды құрайды. Қаладағы 81 елді мекеннің 73-і сапалы электрмен қамтылған. Ал қалған 8 елді мекенде электр қуаты сапасыз. Айта кетейік, жыл соңына дейін қалада газдандыру бойынша 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады. Ал Ынтымақ-2, Қайнарбұлақ елдімекендерінде газ жүйесінің құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда. Мегаполисте жыл қорытындысымен табиғи газбен қамту көрсеткішін 94%-дан, 96%-ға жеткізу жоспарлануда. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі