4.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: ҮШ ЖЫЛДА 792 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

🔷 Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырым. Оның ішінде асфальтбетон жабынды – 2189,5 шақырымнан тұрады, қазіргі уақытта шағал тас – 935,6 шақырымды, топырақ жол 122,5 шақырымды құрайды. Бүгінде қаладағы асфальт жолдың жақсы және қанағаттанарлық үлесі 68,1% пайызға тең.

Биылғы жылы қалаға кіреберістегі басты магистралды жолдағы жолайрықтың құрылысы, қаланың Солтүстігі мен Оңтүстігін байланыстыратын магистралды жолдың, қаланың транзиттік әлеуетін арттыратын Бәйдібек би-Арғынбеков жолайрығы, Оңтүстік және Шығыс айналма жолдары, Қонаев даңғылының 3-ші кезеңін, А-2 автомобиль жолының 2-ші кезеңін, Өтегенов көшесінің жалғасын, Темірлан тас жолы және А-2 автомобиль жолындағы үш жаяу жүргіншілер өткелдерін пайдалануға беру көзделіп отыр.

Аудандарға жекелей тоқталар болсақ, мәселен, Абай ауданында 81,7 шақырым жол жөнделеді. Оның ішінде шалғай шағын аудандардағы 6,7 шақырым болатын жол қаралған. Олардың қатарында Солтүстік саяжай, агрофирма Қарасу, Тұрлан, Жаңаталап, Игілік және Жиделі шағын аудандары бар. Одан бөлек, 43,9 шақырым ішкі орам көшелер жөнделеді. 9,1 ш магистралды көше (Республика даңғылы мен Рысқұлов көшесі), 9,1 шақырым жол күрделі жөндеуден өтеді. 12, 9 шақырымда құрылыс жұмыстары жүргізіледі.

Қаламызда жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында жыл сайын басымдылық берілуде.
Мәселен, 2020 жылы жол құрылысы саласынада 225 нысан немесе 283,8 шақырым жол жөндеуден өтті.
2021 жылы 137 нысан немесе 189,7 шақырым жолға құрылыс жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы автомобиль жолдары саласында 158 нысанда немесе 287,8 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп, тапсырылды.
2023 жылдың 6 айдың қорытындысымен 31,2 шақырым жол жөндеуден өтіп, пайдалануға берілді. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін жоспарға сәйкес 280 нысан немесе 304 шақырымға дейін жетеді.

🔷 Осылайша, биылғы жылдың соңына дейін қала жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайын 71,2% пайызға жеткізу көзделген.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӨКІЛДЕРІ — ШЫМКЕНТКЕ ІС-САПАРМЕН КЕЛДІ

smarttop

ҚАЛАДАҒЫ АБАТТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

smarttop

ЖАҢА БӨЛІМШЕ ЖЫЛЫНА 600 БАЛАНЫ ОҢАЛТУДАН ӨТКІЗУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру