Бүгінде Шымкенттегі Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми әмбебап кітапханасында 181 жыл бұрын жарық көрген көне кітап мұрағатта сақтаулы тұр. Бұл — кітапхананың “Сирек қор” бөлімінде ағылшынның көрнекті жазушысы Вальтер Скоттың 1824 жылы Лондонда жарық көрген «Қызыл қолғап» /Редгонтлет/ атты тарихи романнының ІІ — томы. Ағылшын тіліндегі бұл кітап 328 беттен тұрады. Осы секілді 4000 дананы құрайтын сирек кітаптар бөліміндегі көне кітаптар жойылып кетпей, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу мақсатында бүгінде электронды форматқа көшірілуде. Мысалы, қаладағы ең ірі кітапхана – «Әл-Фараби» ғылыми-әмбебап кітапханасы 2014 жылы қаңтар айында ашылған. Былтыр жаңарту жұмыстары жүргізілген кітапханада Фараби залы, планетарий, аудиозал, Шымкент қаласының 2200 жылдығына орай «Қайырымды қала» залдары ашылып, жұмыс істеп тұр. Оқу залы, шетел әдебиеті залы, абонемент және сирек кітаптар бөлімі жаңартылған мәдениет орнында бүгінде оқырмандарға 7 бөлім және 10 сектор қызмет көрсетеді. Жалпы кітап қоры – 419 554, электронды қор – 6 720.
Рухани ордада 2022 мұнда жалпы саны 331 іс-шара ұйымдастырылды. Соның ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған «Кедергісіз кітап» әлеуметтік жобасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – үлкен отбасы» жобасын қолдау мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. «Бір ел – бір кітап», «Бір қала – бір кітап» акциялары аясында Ахмет Байтұрсыновтың еңбектері кеңінен насихатталды. Жалпы Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасы барлық оқырман санаттарына арналған көпшілік кітапхана болып табылады. Жалпы кітап қоры – 420 949, сирек кітаптар бөлімінің қоры – 4000 дананы құрайды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі