22.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН АУДАНЫНДА 19 КӨШЕГЕ ИРРИГАЦИЯЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ БАСТАЛДЫ

🔷 Миллион тұрғыны бар ірі қалаларда ирригация мәселесі өзекті. Әсіресе, көктем мен күз айларында жауын-шашын көбейіп, арық-атыздар арнасынан тасып, кейбір көшелерді су алу қаупі кездеседі. Сондықтан төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы Тұран ауданында 2023 жылы барлығы 41 көшеге 24,01 шақырым ирригация жүйесін салу жоспарланған.
Қазіргі уақытта аталған жұмыстар бойынша 19 көшеге құрылыс жұмыстары басталды. Атап айтар болсақ, Қазығұрт елді мекені және112 орам шағын ауданында ирригация жүйесін салу қарқын алды. Қазіргі таңда қала тұрғындарын кәрізбен қамту мақсатында, 3 магистралды және 14 ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.Тоғыс шағын ауданындағы магистралдық кәріз коллекторының құрылысын 2020 жылдың соңына дейін аяқтап, ондағы 24 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылады.Сонымен қатар, Арғынбеков көшесінің бойымен №2 коллекторға дейін кәріз коллекторының құрылысы аяқталса, 49 мың адамды құрайтын 6 елдімекен кәріз жүйесіне қосылады. Бұл құрылыс жұмыстары 2021 жылға өтпелі.Ал, Тұран шағын аудандағы №25,26,28,29 орамдардағы магистралды кәріз коллекторының құрылысы аяқталса 27 көпқабатты тұрғын үй кәріз жүйесіне қосылатын болады.Қазіргі таңда, 140 мың адамды құрайтын 14 шағын ауданда ішкі орамдық кәріз жүйелерінің құрылысы жұмыстары басталған. Құрылыс нысандары келер жылы аяқталады деп жоспарланған.Осы жылдың соңында мемлекет және жеке инвесторлардың қаржысы есебінен 136 көпқабатты тұрғын үйге пайдалануға беру көзделіп отыр. Аталған жұмыстар аяқталса қаланы кәрізбен қамту көрсеткіші 49,1%- дан 52,3%-ға өседі. Бүгінде нысан құрылысына 12 адам, 5 техника жұмылдырылуда. Жоспар бойынша 1 кезекте 7, 4 шақырым кәріз жүйесі, 2 кезекте 11,6 шақырым құбыр жүргізілген. Осыған дейін жобада қарастырылған 50,3 шақырым кәріз құбырының 41 шақырымы аяқталып, жұмыстар 82% орындалған.
Ал, қалған 22 көше бойынша мердігер мекеме анықталған соң, жұмыстар жүргізілетін болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Хабарландыру

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ТҰҢҒЫШ РЕСТОРАНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ БАСТАЛДЫ

smarttop

«БАЛАБАҚША ТӘРБИЕШІЛЕРІНІҢ ЖАЛАҚЫСЫН КӨБЕЙТІП, ЖҮКТЕМЕСІН АЗАЙТУ КӨЗДЕЛІП ОТЫР»

smarttop

Пікір қалдыру