7.3 C
Шымкент
Понедельник, 25 ноября, 2024
Smarttop.kz

БЕС ЖЫЛДА ЖЕТІ ЖҮЗДЕН АСА АЗАМАТ ТҰРҒЫН ҮЙ СЕРТИФИКАТЫН АЛДЫ

🔷 Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй сертификаттары 2019 жылдан бастап беріле бастады. 2019 жылы 21 азаматқа, 2020 жылы 101 азаматқа, 2021 жылы 416 отбасыға қайтарымсыз негізде бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін әлеуметтік көмек ретінде тұрғын үй сертификаттары табысталған болатын. 2022 жылы 58 азаматқа тұрғын үй сертификаттары берілген.
Атап айтсақ, Шымкентте мемлекеттік жеңілдетілген ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болған тұрғын үй кезегіндегі 153 отбасыға тұрғын үй сертификаты берілді. Қайтарымсыз негіздегі әлеуметтік көмекті алушылар қатарында 67 көпбалалы отбасы, 13 толық емес отбасы, 69 ерекше бала асыраушы отбасы және 4 бюджеттік ұйым қызметкерлері бар. Бұдан бөлек жыл соңына дейін тұрғын үй кезегіндегі әр түрлі санаттар бойынша тағы 505 отбасыны қамту жоспарлануда. Қазіргі таңда бұл бойынша тиісті мекемеге ұсыныс беріліп, жұмыстар атқарылуда. Осылайша биыл тұрғын үй кезегіндегі азаматтарға табысталатын пәтер саны артпақ. Сонымен қатар биыл Отбасы банк арқылы несиелік негізде 1732 отбасыны баспанамен қамту жоспарланып, қазір 973 азамат ипотекалық бағдарламалар арқылы баспаналы болды. Оның ішінде «5-20-25» бағдарламасы бойынша 609 пәтер, «2-10-20 Бақытты отбасы» бойынша -293 пәтер, «Шаңырақ» бағдарламасы — 71. Соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы саласында мегаполисте ауқымды жұмыстар атқарылуда. 2020 жылы тұрғын үй құрылысын жүргізу бұдан екі есеге дейін төмен болатын. Биылғы жылы 1 млн 73 мың шаршы метр үйді тапсыру жоспарлануда. Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамытудың 2026 жылға дейінгі тұжырымдамасы аясында мемлекеттік бюджеттен 312,4 мың шаршы метрді құрайтын 4 090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған. Осы ретте биыл 67 тұрғын үйдің құрылысын аяқтап жыл соңына дейін ел игілігіне тапсыру көзделуде. Тұран шағынауданында 18 үйдің, Бозарық шағынауданында 54 үйдің, Ақжайық шағынауданында 26 үйдің құрылысы жүргізілуде.

🔷 Тұрғын үй сертификатына өтінімдер www.kezekte.kz интернет ресурсы арқылы қабылдануда.
Бұл жеңілдікке азаматтар «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында несие негізінде «2-10-20 Бақытты отбасы», «5-10-20 Шаңырақ» бағыттары шеңберінде тұрғын үй сатып алу барысында банк мақұлдауын алғаннан кейін ипотекалық тұрғын үй қарыздарының бастапқы жарнасының бір бөлігін жабу үшін өтінім жолдай алады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Түркістан облысында полицейлер бір тәулік ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 280 адамды анықтады

smarttop

ҚАЛА ӘКІМІНІҢ КӨШПЕЛІ КЕЗДЕСУІ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

smarttop

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫ

smarttop

Пікір қалдыру