8.3 C
Шымкент
Воскресенье, 8 марта, 2026
Smarttop.kz

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ОРНАТЫЛДЫ

🔷 Бүгін қала әкімі М.Әйтеновтің қатысуымен өткен арнайы жиында адам құқықтарын қорғау мәселелері мен азаптауға және басқа да келеңсіздіктерге қарсы іс-қимыл шаралары талқыланды. Басқосуға қалаға жұмыс сапарымен келген ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев, сондай-ақ прокуратура, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі органдарының басшылары қатысты. Кеңейтілген мәжілістің күн тәртібінде адам құқықтарын қорғаудағы нәтижелі жұмыстар талқыланып, тұрмыстық зорлық-зомбылықты алдын алу мәселелері қарастырылды.

🔷 М.Дүйсенбекұлы барлық құзырлы мекеме басшыларын Конституция талаптарын қатаң сақтауға және осы бағыттағы шараларды бірлесе атқаруға шақырды.
Омбудсмен адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының, әсіресе оның өңірлік өкілдіктерінің жергілікті деңгейде адам құқықтарын қалпына келтірудегі маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ Ұлттық превентивтік тетіктің рөлін арттыруда, азаптауларды болдырмау және олардың алдын алу мәселелерінде жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесе тығыз жұмыс жүргізуге сенім білдірді.
Мәжіліс соңында тараптар ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, аталған бағыттарда бірлесе жұмыс істеуге уағдаласты.Құрамында партиялардың, қоғамдық кеңестердің, белсенді ҮЕҰ-ң мүшелері және қалалық мәслихатының депутаттары мен зиялы қауым өкілдері бар референдумның қалалық қоғамдық штабы құрылып, жұмыс жүргізуде.
22 белгілі тұлғалардан құрылған қоғамдық штаб мүшелерінің жастармен, жұмысшылармен және жалпы қала тұрғындарымен кездесетін арнайы 3 бағыттағы кестесі жасақталып, бекітілді.
Кестеге сәйкес, 11 мамыр мен 04 маусым аралығында 160 нүктелі кездесу ұйымдастыру жоспарланып, ата заңымызға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінгі таңда кәсіпорындар, базарлар және оқу орындарында 120 кездесу өткізіліп, 36 мыңнан аса жұмысшылар мен студенттер қамтылғандығы туралы да атап өтті.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ТҰРҒЫНДАР ТАЗАЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА БЕЛСЕНДІЛІК ТАНЫТТЫ

smarttop

БІР ӨҢІР-БІР БАҒЫТ: ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚОЙЫЛАТЫН МАҢЫЗДЫ МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТЕ ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру