🔷 Қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлы жүріп тұруына қолайлы жағдай қалыптастыру мақсатында мегаполистегі басты жолдардың бірі Темірлан тас жолына тұрақты түрде мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Абай ауданына қарасты аталған тас жолдың бойында орналасқан кәсіпкерлік нысан иелерімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бірнеше бағыттағы жұмыстар нақтыланды.Темірлан тас жолының бойындағы жол сызықтары мен жаяу жүргіншілер өткелі қайта сызылып, жаңартылды.Бұл жұмыстар көлік қозғалысына кедергі келтірмеуі үшін түнгі уақытта атқарылды.Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 150 шақырымнан астам көшенің жол сызықтары жаңартылды.
Атап айтқанда, қазіргі уақытта Темірлан тас жолы бойында 131 кәсіпкерлік нысандар орналасқан. Оның ішінде 1 әмбебап базары, 3 мешіт, 8 авто көлік сату орталығы, 2 ірі сауда орталығы, 12 тойхана, 13 мейрамхана, техникалық қызмет көрсету орталықтары және ірілі ұсақты дәмхана мен әмбебап дүкендері орналасқан.
🔷 Қазіргі уақытта аталған кәсіпкерлік нысандардың жол бойында орналасқан авто көлік тұрақтары, аулалары мен қас беттерін (фасад) реттеуді қажет ететіндері 30% құрайды.
Бұл нысандар қазіргі уақытта жаяу жүргіншілерге кедергі келтірмей, авто көлік тұрақтары мен аулаларын абаттандырып, нысанның қас беттерін жаңартып, реттеуге өз келісімдерін беріп, қолдау тапты.
Аталған бағытта жұмыстар тұрақты жүргізілетін болады және қаланың көркі күн артып ажарланатындығы сөзсіз!
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі