🔷 Сәуле шағынауданындағы 276-орамда газдандыру құрылысы аяқталуға жақын. Қала әкімі М.Әйтенов елдімекенді аралап, табиғи газбен қамтамасыз ету жұмыстарының барысын қадағалады. Мердігерлер аталған орамға 28 шақырымдық газ құбырын тартуда. Қазіргі таңда атқарылған жұмыстың көлемі 98% құрайды. Алдағы күндері «ҚазТрансГаз» мекемесі техникалық шарттары дайын тұрғын үйлерді абоненттеу жұмыстарын бастайды. Өндірістік кестеге сай газдандыру жұмыстары ағымдағы жылы тамыз айында аяқталады. Нәтижесінде 1263 абонент көгілдір газбен қамтылады. Сәуле шағын ауданы (276 орам) тұрғындарын сапалы электр қуатымен қамту құрылысы 2021 жылы басталған болатын. Бүгінде құрылыс жұмысының 87 пайызы аяқталды.
Мердігер мекеме «Ақсемсер-стройсервис» тарапынан 918 электр бағанасы орнатылып, 72 шақырым электр желілері тартылды. Құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр.
Бекітілген жоспар бойынша, құрылыс жұмысы аяғымдағы жылдың соңына дейін аяқталып, пайдалануға беріледі. Нәтижесінде, 1300-ден астам абоненттің мемлекеттік жарықты қолдануына мүмкіндік туады.
Бүгінгі күнге дейін жекеменшік желіден электр қуатын тұтынып келген шағынаудан тұрғындарының мәселесі биыл шешімін табады.
🔷 М.Дүйсенбекұлы жауаптыларға құрылысты мерзімінде аяқтап, тұрғын үйлерді табиғи газға қосу жұмыстарын тездетуді тапсырды.
Жалпы, қала елдімекендерін табиғи газбен қамту бойынша жасалған кешенді жоба аясында биыл Тассай, Тұран 3 кезек, Асар-2, Сауле, Солтүстік саяжай, Бозарық 74 га елдімекендерін газдандыру жоспарланған. Алдағы жылы Ынтымақ-2 елдімекеніне газ құбырын тарту жұмыстары аяқталады. Жоспарға сәйкес 2023 жылы көгілдір газбен қамту көрсеткішін 94%-дан 96%-ға жеткізу көзделуде.
🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі