Қала көшелеріндегі жол белгілері, «Сергек» бейнебақылау камералары көлік және қала жүргізушілеріне кедергісіз анық көріну үшін бей-берекет өскен тал-дарақтарды қырқу жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Ағаштар алдымен бір формаға келтіріліп қырқылады, түбін аршып, қурағандар кесіледі.
Тал қырқу жұмыстарына әр ауданнан 2 автобөшке, 5 арнайы техника бөлінген. Әсіресе, қала ішіндегі магистральді көшелердің бойында егілген жасыл желектерді ретке келтіру жиі атқарылады.
Сонымен қатар мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы аясында аталған жұмыстарды атқару үшін қаламызда күнделікті 27 техника, тиісті құрал жабдықтар және 75 жұмысшыдан құралған арнайы бригада жұмылдырылады.
Алдағы уақытта тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен тұрақты жүргізіліп, жауапты мекемелердің қырағы бақылауында болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі