3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

СУ ЖИНАЛУ ҚАУПІ БАР 58 ОРЫН АНЫҚТАЛЫП, ИРРИГАЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

🔷 Бүгін ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында алдағы су тасқыны кезеңінде елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қаралды.
Үкімет басшысы биылғы көктем оңай болмағанын, сондықтан су басу қаупінің алдын алу үшін екі апта ішінде халықты су тасқынынан қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындауды және тасқынға дайындық барысын бақылау қажеттігін атап өтті.
Шымкент қаласына келсек, 2023 жылдың көктем айларындағы жауын-шашын мезгілінде жалпы қала аумағынан су жиналу қаупі бар 58 орын анықталып, қазір 24 орынға ирригациялық арықтар орнату жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар қала аумағынан ағып өтетін жалпы ұзындығы 339 шақырымды құрайтын 2 өзен мен 34 каналдың жай-күйіне зерделеу жүргізіліп, арналар қоқыстан тазартылуда.

Сонымен қатар, ирригацией деп атайды бүкіл кешені іс-шаралар бағытталған жеткізуге суды суару үшін кез-келген орын, онда ол қажет қарамастан, әдістерін — от құрылыстар, тоғандар мен каналдарды дейін көтерілуі, жер асты суларының бетіне. Адамзат барлық уақытта мұқтаж болған суда, сондықтан мұндай қажетті болып табылады ирригациялық жүйесі. Анықтау бұл жағдайда өте қысқа — кез келген жүйесі, мүмкіндік беретін жеткізуге суғару үшін су өсімдіктер болып саналады жерді суландыру.Ирригациялық жүйедегі олқылықтарды ескере отырып және оны шешу жолдарын қарастыру мақсатында шаһар басшысының бастамасымен жұмысшы тобы құрылып, жуырда оның кезекті бір отырысы өтті. Сол жиында ирригациялық жүйені қажет ететін 150 нүктенің әрбірі зерделеніп, жан-жақты ретке келтіру тетіктері баяндалды. Су басу қаупі бар нүктелердің басым бөлігі мегаполиске жаңадан қосылған елді мекендер екендігі белгілі болды. Себебі, шет жақтағы ауылдарда ирригациялық арықтар осыған дейін мүлде қарастырылмаған. Сондай-ақ, мамандар көше бойында арықтардың болмауының бірден-бір себебі ретінде, олардың ескіргенін және жекеменшікке өтіп, соңында мүлдем іске жарамсыз болып қалғанын атайды. Ал, бұл саладағы кемшіліктердің салдарын, өкінішке қарай, көктем мен күзгі жауындарда қала тұрғындары көруде.
Жаңбыр суының жиналуы, өзендердің тасуы төтенше жаңдай қаупін тудыратынын және қалалықтардың қалыпты тіршілігіне кері әсерін тигізетінін айтқан шаһар басшысы бұл мәселенің шын мәнінде өзекті екенін мәлімдеп, ол алдағы күндері жан-жақты зерделенетінін жеткізді.

🔷 Алдағы уақытта қалған су басу қаупі бар көшелер мен аумақтар да арнайы техникалармен жабдықталып, тұрғындардың қолайлы жүріп-тұруына жағдай жасау жалғасатын болады.
Сондай-ақ, «Ақжар» су қоймасының күрделі жөндеу жұмыстарына биыл жобалық сметалық құжат әзірленіп, 2024 жылы құрылыс жұмыстары атқарылады деп күтілуде.
«2021-2023 жылдардағы су тасқынына қарсы іс-шаралар» жол картасы бойынша қала аумағындағы су шаю қаупі бар 6 елді мекен: Жыланбұзған, Маятас, Тоғыс, Қызылжар, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабынан ағып өтетін «Бадам» өзенінің арнасын бекіту және нығайту мақсатында жұмыстар жүргізілуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Полицейлер екінші рет мас халде көлік басқарған жүргізушіні ұстады

smarttop

ШЫҢҒЫС МҰҚАН ЖАС ҚАЛАМГЕРЛЕРМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

CONCERT EMES МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫНА КӘСІБИ ВИЗАЖИСТЕР ЖИНАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру