Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов қала экономикасына қатысты инвестициялық жобаларды іске қосу мақсатында «Zalal Mowafaq» компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде екі тарап Шымкентте жылына 500 миллион бөтелке алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу, сонымен қатар Шымкент қаласының тұрғындарын 300-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз ету жоспарларын талқыланды.
Компанияның Ауғанстанда жеміс шырындары мен энергетикалық сусындарды өндіруде жиырма жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта бұл әлемдік тәжірибеде сұранысқа ие сусын екендігі дәлелденді. Ауғанстандағы алкогольсіз сусындар нарығының 78,4%-ды иеленуі олардың бұл саладағы жетістіктері мен тәжірибесі мол екендігін көрсетеді. Аталған инвестициялық жобаны жүзеге асыру үшін «Бозарық» индустриалдық аймағынан 10 гектар жер телімі берілді.
Жүргізілген келіссөздерге сәйкес, биыл зауыттың іргетасы қаланып, қазір құрылыс-монтаж жұмыстарының 30%-ы кестеге сәйкес атқарылған. Аталған зауыттың құрылыс барысымен танысу мақсатында қала әкімі Мұрат Әйтенов нысан басында болды. Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зауыт іске қосылса 100-ден аса жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда, Сондай-ақ, кәсіпорынның өндірістік қуаттылығы жылына 262 миллион литр сусын шығаруға мүмкіндігі бар. Мұрат Дүйсенбекұлы бұл жаңа инвестициялық жобаның жүзеге асуы қаламыздың өндіріс саласына ауқымды серпін беретінін айтты. Зауыт 16 гектар аумақты алып жатыр, құрылысы 2024 жылы аяқталып, өндіріске қосылады. Айта кетсек, Шымкент қаласында «Euro Tranzit Service Management» көкөніс сақтау қоймасының құрылысы да басталды. Құны 5 миллиард теңге тұратын жобаның құрылысы биыл басталып, қазір қарқынды жұмыс жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған сауда логистикалық орталығында болып, қойма құрылысының бет-алысымен танысқан еді. Қазір мұнда құрылыс-монтаждау жұмыстары басталған, сондай-ақ ғимарат негізгі 3 блокқа бөлінеді. Бірінші, 12 мың шаршы метрді алып жатқан тауарды құрғақ сақтау бөлімі, екінші 8 мың шаршы метрлік мұздатқыш бөлігі, үшінші қосымша тауар сақтайтын бөлік. Қойма жылына 240 000 тонна жүк қабылдауға қауқарлы. Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары 2024 жылы аяқталып, 80 адам жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Жобаның жалпы құны 7 200 млн. теңгені құрайды. Іске асыру мерзімі 2024 жылға жоспарлануда.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі