16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ЕЛТАЙДАҒЫ ЖЕТІ КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ ТӨСЕЛУДЕ

🔷 Жалпы қаланың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген. Бүгінде атқарылып жатқан жол құрылыстары аталған іс-шара аясында іске асырылуда.
Нәтижесінде жолдың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы жыл соңында 71,2 пайызға дейін жеткізу жоспарланған.
Қазір кешенді іс шара аясында Еңбекші ауданына қарасты Елтай тұрғын алабындағы көшелерге асфальт төсеу жұмыстары жүргізілуде.

🔷 Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымды құрайтын Еліксай, Саяқ (Жаңару), Нұрлысай, Қаратас, Ақмоншақ, Нұрсая, Балауса көшелеріне асфальтбетон жабындысының бірінші қабаты төселуде. Орташа жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Елтай тұрғын алабының жолдары 100% пайызға асфальт болады. Шымкент қаласы бойынша орталық маңызы бар 747 көшенің 472 көшесі жарықтандырылған. Оның ішінде 2020 жылы 220 көше жарықтандырылса, 2021 жылы жоба аясында 137 көше жарықтандырылып, жарықпен қамту көрсеткіші 29,5 %-дан 48 %-ға өсті. 🔷 Ал 2022 жылы 115 көше жарықтандырылып, қамту көрсеткіші 48 %-ден 63 %-ға өсті.Нәтижесінде көшелерді жарықпен қамту көрсеткіші 63%-дан, 70%-ға өседі. Сондай-ақ, биыл Тұран ауданы аумағындағы 22 көше жарықтандырылады. Бірінші кезекте шағынаудандардағы әлеуметтік нысандар орналасқан және қоғамдық көліктер қатынайтын орталық көшелер жарықтандырылатын болады. Қармақшы – Құрсай елдімекендері бар.Қазіргі Құрсай елді мекеніндегі Аққыстау көшесін жарықтандыру жұмысы басталып, нысан маусым айында толық іске қосылатын болады. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама әзірленуде. Атап айтқанда, 48 көшеде топосъемка жасалып, 38 көшенің жобасы әзірленді. Келісім шарт талаптарына сәйкес, аталған жобаларға маусым айында сараптаманың оң қорытындысын алу көзделіп отыр. Сондай-ақ, 2023 жылы 104 көше жарықтандырылады. Қазіргі таңда, 6 айдың қорытындысымен жобалау-сметалық құжаттамалар толық әзірленіп, 49 көшеде құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

🔷 Бүгінде жалпы жол жабындысы жағдайын жақсарту мақсатында қала аумағында 243 нысан, яғни 297 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

«АУҚЫМДЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ОДАН ӘРІ ЖАЛҒАСТЫРЫҢЫЗДАР»

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛА КҮНІНЕ ОРАЙ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

smarttop

БОЗАРЫҚ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДАҒЫ СПОРТ КЕШЕНІНДЕ 700-ДЕН АСТАМ БАЛА ШҰҒЫЛДАНУДА

smarttop

Пікір қалдыру