16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ҚАЙТА ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН РЕЗЕҢКЕ ЖАБЫНДЫЛАРЫН ШЫҒАРАДЫ

🔷 Шымкент қаласында шиналар және құрамында резеңке бар қалдықтарды кәдеге жаратып, қайта өңдейтін «ЭКО Шина» компаниясы еліміздегі ең ірі зауыттардың бірі. Кәсіпорын 2009 жылдың 1 қазанында тіркелген, негізгі қызметі пайдаланылған шиналарды жинау және өңдеу және резеңке бұйымдарын өндіру.
Өзінің шикізатын пайдалана отырып, «ЭКО Шина» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі резеңке еден жабындарын шығарумен айналысады. Резеңке жабыны — заманауи құрылыста өз орнын берік алған және ашық және жабық спорттық және аулалық ойын алаңдары үшін ең қолайлы заманауи, ыңғайлы жабын. Бұл қалдықтарды (қағаз, шыны және органикалық заттарды) бөлек жинауды қажет етеді. Қатты қалдықтармен жұмыс істеудің интеграцияланған жүйесін қалыптастырудағы маңызды бағыттардың бірі – қалдықтардың әртүрлі түрлерін бөлек жинауға, қайталама шикізаттың жалпы ағынынан қауіпті қалдықтарды бөлуге бағытталған қалаларда қалдықтарды іріктеп жинау жөніндегі қызметтердің тиімділігі мен сапасын арттырудың экономикалық және ұйымдастырушылық тетігін әзірлеу. Жеке кәсіпкерлік субъектілері қайта өңделетін шикізатты, яғни макулатураны, пластикті, шыныны, медициналық қалдықтарды және басқа да қалдықтарды жинаумен, әкетумен және өңдеумен айналысады.

🔷 «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» мемлекеттік бағдарламасына қатысудың арқасында кәсіпорын 2023 жылы «Банк ЦентрКредит» АҚ-тан көмір брикеттерін өндіруге арналған құрал-жабдықтарды алуға жылына 21,75%-бен қаражат алды, ал оның 14,75%-ын «Даму» қоры субсидиялайды.

🔷 Сондай-ақ, «Даму» Қоры кепілзаттың жетіспейтін бөлігіне кепілдік берді, ал қалған 8% кәсіпкер төлейді.
Қалдықтарды басқару саласында жұмыс істей отырып, кәсіпорын істен шыққан шиналарды жойып, аймақтың экологиялық қауіпсіздігі мәселесін шешеді, халық тұтынатын тауарлар өндірісінде қайталама шикізатты пайдалану арқылы ресурстарды үнемдеу бағытын дамытады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ДАРХАН САТЫБАЛДЫ: «ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫН ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ БӘСЕҢДЕМЕЙДІ»

smarttop

Глава государства провел совещание с акимами и руководителями государственных органов

smarttop

ҰЖЫМДАҒЫ ЕҢБЕК ДАУЫН БЕЙБІТ ЖОЛМЕН ШЕШУДІҢ ӨЗІНДІК РЕТТІЛІГІ БАР

smarttop

Пікір қалдыру