Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ 4 ЕЛДІ МЕКЕНГЕ ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ТАРТУДА ЖОБАЛАУ-СМЕТАЛЫҚ ҚҰЖАТТАМА ДАЙЫНДАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің халықпен кездесуінде тұрғындар елді мекендерді газ, су, жарық және кәріз жүйелерімен қамту бойынша өтініштерін жеткізген болатын. Қала әкімі талап-тілектерді ескере келе, тиісті басқармаға инженерлік жүйелермен қамтылмаған шағынаудандардағы өзекті мәселелерді шешуде нақты тапсырмалар жүктеді. Нәтижесінде жеке инвестиция есебінен 6 нысанға жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленді.

🔷 Соның ішінде, 4 нысанның, атап айтқанда, Айқап, Ынтымақ-2, Асар-2, Бозарық шағынаудандарындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы аяқталып, сараптама қорытындылары алынды. Қалған 2 нысанның яғни, Ақжайық, Таскен шағынауданындағы Жаңақұрылыста жобалау-сметалық құжаттамасы осы жылы аяқтау жоспарланған.
Құрылыс жұмыстары қолға алынса, Айқап және Ақжайық шағынаудандарына кәріз жүйесі тартылады. Ынтымақ-2, Асар-2. Бозарық (жаңақұрылыс), Таскен (жаңақұрылыс) шағынаудандарында ауыз су, газ, жарық, кәріз жүйесінің мәселесі шешімін табады.

–Қазіргі таңда Шымкенттегі 81 шағын ауданның 24-і немесе 713,5 мың адам кәріз жүйесімен қамтамасыз етілген. Қалған 57 шағын аудан кәрізбен қамтылмаған. 2023 жылы 11 нысанның құрылыс жұмыстарына бюджеттен 4,8 миллиард теңге бөлінді. Оның ішінде 2 магистралды кәріз коллекторының және 9 ішкі орамдық жүйенің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Биыл жыл қорытындысымен 6 нысанның құрылыс жұмыстары аяқталады деп күтілуде. Нәтижесінде 60 мыңға жуық адам орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылуға мүмкіндік алады. Бұл қамту көрсеткішін 60 пайыздан 75 пайызға дейін өсіруге мүмкіндік береді, – деді басқарма басшысының орынбасары.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Қазығұрт ауданының тұрғындары полицейлерге алғыс айтты

smarttop

ЖАС БОКСШЫЛАР АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРІ АТАНДЫ.

smarttop

РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ ШЫМКЕНТТЕ АШЫЛҒАН «БІРЛІК АЛАҢЫНДА» АЛҒАШҚЫ ДЕБАТ ӨТТІ

smarttop

Пікір қалдыру