16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА ӘКІМІ «SEITZHAN SCHOOL» ЗАМАНАУИ МЕКТЕБІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

🔷 Жаңа оқу қарсаңында қала аумағында бой көтерген жаңа мектептер саны артуда. Соның бірі Шымкент Сити шағын ауданында 2,8 гектар көлемді алып жатқан «Seitzhan school» жекеменшік жалпы орта мектебі. Бүгін Шымкент қаласы әкімі Мұрат Әйтенов 900 орынға арналған жаңа мектептің құрылыс жұмыстарымен танысуға барды. Қазіргі уақытта мектеп құрылысының 95 пайызы аяқталған. 2021 жылы басталған құрылыс жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі.
«Seitzhan school» мектебі жаңа шағын ауданда орын тепкендіктен, мұнда салынып жатқан биік, көп қабатты тұрғын үйлердің көптігіне байланысты оқушы саны басым деуге болады. Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымдық Өтегенов көшесі жалғасының құрылысын 2 кезең бойынша толық аяқтап пайдалануға беру жыл соңына жоспарланып отыр. Сондай-ақ М.Дүйсенбекұлы Солтүстік батыс шағын ауданындағы Өтегенов көшесінен Шұбаркөл көшесіне дейінгі аралықтағы Найзалы көшесінің жол құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобада аталған көшеге төселетін асфальт жабындысының ұзындығы 2 шақырым.
Жалпы, биыл Солтүстік батыс шағын ауданындағы 2,6 шақырымды құрайтын Найзалы және Келешек көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.Жалпы ұзындығы 2,3 шақырымдық Өтегенов көшесі жалғасының құрылысын 2 кезең бойынша толық аяқтап пайдалануға беру жыл соңына жоспарланып отыр. Сондай-ақ М.Дүйсенбекұлы Солтүстік батыс шағын ауданындағы Өтегенов көшесінен Шұбаркөл көшесіне дейінгі аралықтағы Найзалы көшесінің жол құрылыс жұмыстарымен де танысты. Жобада аталған көшеге төселетін асфальт жабындысының ұзындығы 2 шақырым.
Жалпы, биыл Солтүстік батыс шағын ауданындағы 2,6 шақырымды құрайтын Найзалы және Келешек көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жоспарланған.
Жол құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес іске асырылуда.

🔷 Дегенмен, жаңа мектептің жанында көршілес 1200 орындық №89 жалпы орта мектебі орналасқан, бұл жерде 2408 оқушы білім алады. Сонымен қатар 1200 орындық №135 орта мектеп те осы шағын ауданда, мұнда 1886 бала білім алады.
Айта кетейік, «Seitzhan school» мектебі балалардың пәндік оқыту сабағынан бөлек, түрлі үйрімелерге баулитын қосымша сабақтар кабинеті, бассейн және кең спорт залымен, асханамен қамтылған. Жаңа заманға сай технологиядық құрылыс материалдары, ерекше дизайнмен салынған мектеп есігі оқушыларға айқара ашық.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МӘЖІЛІС ДЕПУТАТЫ «ЭНЕРГООРТАЛЫҚ-3» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ

smarttop

БІРЛІК БЕРЕКЕ БАСТАУЫ

smarttop

ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТАҒЫ БҰЙЫМДАР ЖӘРМЕҢКEГЕ ҚОЙЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру