3.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ: 7 ЖОБА МАҚҰЛДАНДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласы әкімінің қатысуымен өткен инвестициялық штаб жиынында жаңа жобалар мен өзекті мәселелер қаралды. Сондай-ақ, негізгі капиталға салынған инвестициялардың биылғы жылдың 7 айында орындалу барысы және алдағы 8 айға жоспары түзілді.

🔷 Сонымен бүгінгі отырыста 7 жоба мақұлданды. Айта айтқанда, әр түрлі тұрмыстық салада тұтынатын гидравликалық және резеңке шлангілер шығаратын зауыт құрылысы, құрылыс саласында қолданылатын эмульсиялық бояулар өндіретін зауыт, пластикалық құбырлар шығаратын зауыт, металл және профильді үй шатырларын өндіру цехының құрылысы, жиһаз зауыты «Жұлдыз» индустриалдық аймағында жүзеге асады. Алтыншы жоба ауыл шаруашылығындағы түйіршіктелген мал азығын өндіретін цех құрылысы «Бозарық» индустриалды аймағынан орын алады.

Инвестициялық штаб отырысында қала әкімі тиісті басқарма басшылары мен жауапты сала мамандарына инвесторларға инженерлік инфрақұрылым, коммуналдық жүйелерімен қамтамасыз етуді қадағалауды тапсырды.
-Қаламыздың инвестициялық мүмкіндіктерімен қатар экономикалық жағдайы да күн санап артып келеді. Қызығушылық танытқан әрбір инвесторға мемлекет тарапынан жасалатын кез келген қолдауды көрсетуге әзірміз,-деді қала әкімі Мұрат Әйтенов. Жиын соңында шаһар басшысы Шымкент қаласының 2021-2022 жылдары бизнесті жүргізу жеңілдігі бойынша Қазақстан Республикасының үздік өңірі ретінде танылуына атсалысқан 14 азаматты арнайы алғыс хаттармен марапаттап, алдағы уақытта да қаламыздың кәсіпкерлік саласы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса берулеріне тілектестік білдірді.

🔷 Сонымен қатар, отандық аяқ киім фабрикасының құрылысы «Оңтүстік» индустриалдық аймағында тіркелетін болды. Кәсіпорын қазір құжат рәсімдеу сатысында. Мұрат Дүйсенбекұлы жиын барысында жобалардың жыл соңына дейінгі көрсеткіштерінің өз деңгейінде сапалы орындалуына көңіл бөлуді тапсырды.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТТЕ САДАҚ АТУДАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ХАЛЫҚ ҚАТЫСАТЫН БЮДЖЕТТІҢ ҮЛЕСІ АРТҚАН

smarttop

БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕП АЛДЫ ДӘРІГЕРЛІК ТЕКСЕРУГЕ ШАҚЫРАМЫЗ!

smarttop

Пікір қалдыру