2023 жылдың 26-27 тамыз күндері Шымкент қаласында Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндерін ұйымдастыру іс-шаралар аясында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық жәрмеңкенің мақсаты – іскерлік кәсіпкерлік бағыттағы ынтымақтастықты арттыру, екі ел арасындағы достықты нығайтып, сауда саласында тәжірибе алмасу.
Тәжікстандық кәсіпкерлер көрмеге ауылшаруашылық өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларын ұсынады. Атап айтқанда: ауылшаруашылық өнімдері, оның ішінде:
— 189 тонна жемістер — анар, алмұрттың 5 түрі, алманың 6 түрі, шабдалының 5 түрі, қара өріктің 3 түрі, жүзімнің 8 түрі,
— 46 тонна кептірілген жемістер — кептірілген өрік, мейіз, пісте, бадам, өзге де кептірілген жемістер;
— 85 тонна бақша өнімдері – қауынның 8 түрі, қарбыздың 4 түрі, асқабақтың 5 түрі;
— 248 тонна көкөніс өнімдері – 6 түрлі қызанақ, 3 түрлі қияр, пияз (4 түрі), болгар бұрышы (2 түрі), қырыққабат (2 түрі), гүлді қырыққабат (2 түрі), картоп, кәді, қызылша, баялды;
— 8 тонна бал.
Екінші, 13 тонна өнеркәсіптік тауарлар:
— газдалған және газдалмаған сусындар;
— энергетикалық сусындар;
— шырындар;
— консервіленген жемістер;
— консервіленген көкөністер;
— кондитерлік өнімдер.
Сонымен қатар қала тұрғындары Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм тата алады.
Көрме-жәрмеңкенің өтетін орны: Нұрсәт шағын ауданы, «Көрме» орталығы,
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионы
Ескерту: Аптаның әр сенбі күні жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында өткізілетін азық-түлік жәрмеңкесі стадион аумағында (шығыс трибуна беті) орналасқан «Аламан» ойын алаңшасының алдында өтетін болады.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі