Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕ ТӘЖІК ЕЛІНІҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМДЕРІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП ТАУАРЛАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТЕДІ

🔷 2023 жылдың 26-27 тамыз күндері Шымкент қаласында Тәжікстан Республикасының Мәдениет күндерін ұйымдастыру іс-шаралар аясында Тәжікстанның ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп тауарларының көрме-жәрмеңкесі өтеді. Халықаралық жәрмеңкенің мақсаты – іскерлік кәсіпкерлік бағыттағы ынтымақтастықты арттыру, екі ел арасындағы достықты нығайтып, сауда саласында тәжірибе алмасу.

🔷 Тәжікстандық кәсіпкерлер көрмеге ауылшаруашылық өнімдері мен өнеркәсіптік тауарларын ұсынады. Атап айтқанда: ауылшаруашылық өнімдері, оның ішінде:
— 189 тонна жемістер — анар, алмұрттың 5 түрі, алманың 6 түрі, шабдалының 5 түрі, қара өріктің 3 түрі, жүзімнің 8 түрі,
— 46 тонна кептірілген жемістер — кептірілген өрік, мейіз, пісте, бадам, өзге де кептірілген жемістер;
— 85 тонна бақша өнімдері – қауынның 8 түрі, қарбыздың 4 түрі, асқабақтың 5 түрі;
— 248 тонна көкөніс өнімдері – 6 түрлі қызанақ, 3 түрлі қияр, пияз (4 түрі), болгар бұрышы (2 түрі), қырыққабат (2 түрі), гүлді қырыққабат (2 түрі), картоп, кәді, қызылша, баялды;
— 8 тонна бал.
Екінші, 13 тонна өнеркәсіптік тауарлар:
— газдалған және газдалмаған сусындар;
— энергетикалық сусындар;
— шырындар;
— консервіленген жемістер;
— консервіленген көкөністер;
— кондитерлік өнімдер.

🔷 Сонымен қатар қала тұрғындары Тәжікстанның ұлттық тағамдарымен танысып, дәм тата алады.
Көрме-жәрмеңкенің өтетін орны: Нұрсәт шағын ауданы, «Көрме» орталығы,
Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы стадионы

🔷 Ескерту: Аптаның әр сенбі күні жергілікті тауар өндіруші кәсіпорындар және ауыл шаруашылығы шаруа қожалықтарының қатысуымен «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында өткізілетін азық-түлік жәрмеңкесі стадион аумағында (шығыс трибуна беті) орналасқан «Аламан» ойын алаңшасының алдында өтетін болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ГАЗ ҚҰБЫРЛАРЫНДАҒЫ АҚАУЛАР ШҰҒЫЛ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛУДЕ

smarttop

ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНАН БЕРІЛГЕН ОРЫНДЫҚ САНЫ 500 ГЕ ЖЕТТІ

smarttop

Шымкент қаласының маңындағы аудандардағы инфрақұрылым

smarttop

Пікір қалдыру