0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ҚАЛА АКТИВІНЕ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

🔷 Бүгін Шымкент қаласы Полиция департаментінің жаңа бастығы қала активіне таныстырылды. Осы мақсатта қаламызға Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов арнайы келді. Полиция департаментінің басшылығына Думан Әшкенұлы Таев тағайындалды. Ол осыған дейін Ақмола облысы Полиция департаментінің бастығы болған.

🔷 Таев Думан Әшкенұлы 1967 жылы 13 наурызда Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Көктерек ауылында дүниеге келген. Ішкі істер органдарындағы қызметін 1988 жылы Солтүстік Қазақстан облыстық атқару комитетінің ІІБ ППҚ жеке ротасының милиционері болып бастаған. Ал, осыған дейін Шымкентте Полиция департаментін басқарған Қайрат Сұлтанбайұлы Дәлбеков Алматы және Жетісу облыстары Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығына ұсынылып отыр.
Қала әкімі Думан Әшкенұлын жаңа қызметімен құттықтап, қаланы қауіпсіз етуде бірлесе жұмыс жүргізуге дайын екенін жеткізді.

Миллионнан астам халқы бар үшінші мегаполис тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігі басты назарды талап етеді. Шымкент қаласында қылмыс деңгейі мен төтенше жағдайлар қауіпін төмендету бойынша ауқымды шаралар атқарылуда. Осы орайда, «Қауіпсіз қала» бағдарламасы қолға алынған. Бұл бағдарлама ең алдымен қаланың орталық көшелерінде жүзеге асырылып, кейіннен елді мекендер мен ішкі орамдық жолдарда жалғасын тапты. Қоғамдық тәртіп пен көлік қозғалысын реттеуде бейнебақылау камераларының көмегі айтарлықтай нәтиже көрсетіп келеді.
Бүгінде Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығына жалпы 11 211 бейнебақылау камерасы біріктірілген. Қаланың көше қиылыстары мен тұрғын үйлердің аулаларына орнатылған бейнебақылау камералары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етеді және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін автоматты түрде тіркеуге көмектеседі. «Қауіпсіз мектеп» бағдарламасы аясында 186 мемлекеттік және жекеменшік мектептерде 3318 бейнебақылау камерасы орнатылса, «Қауіпсіз аула» қағидасы бойынша «Қазақтелеком» АҚ-ның 2 430 бейнебақылау камерасы ҚПД ЖБО-на біріктірілді. Сонымен қатар, жерасты өткелерінде, денсаулық сақтау нысандарында, сауда орталықтары, базарлар және дүкендерде 262 бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. 2023 жылдың 7 айында бейнебақылау камераның көмегімен 293 қылмыс ашылып, 33 602 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

🔷 Ішкі істер министрі мегаполисте қылмыстық ақуал тұрақты екеніне тоқталды. Тәртіп сақшылары мен әкімдік қызметкерлерінің бірлескен шараларының нәтижесінде жалпы қылмыстар саны биыл 33 пайызға азайған. Ұрлық, тонау, кісі өлімі, адам денсаулығына ауыр зардап келтіруге қатысты қылмыс түрлерінің де едәуір азайып отырғаны байқалады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Жайылымдық жерден екі сиыр ұрлаған күдікті ұсталды

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ СҮТ КЛАСТЕРІН ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУ КҮНІ ЖОЛАУШЫЛАР АВТОБУСТА ТЕГІН ЖҮРЕДІ

smarttop

Пікір қалдыру