10.3 C
Шымкент
Воскресенье, 24 ноября, 2024
Smarttop.kz

«ӨЗБЕКӘЛІ ЖӘНІБЕКОВ ЖӘНЕ ҰЛТ МҰРАТЫ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ»

Бүгін Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінде мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, этнограф, тарихшы Өзбекәлі Жәнібековтың туған күніне орай дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталмыш жиынға Шалатай Мырзахметов, Орынбай Рахманбердиев, Арысбек Тәжиев, Бекет Тұрғараев, Құлбек Ергөбек сынды қоғам қайраткерлері, оқытушы-профессорлар, ардегер-ұстаздар, сондай-ақ Ө. Жәнібековтің немере қарындасы Айғаным Аманқызы қатысты.
Жиынға жиналғандар Ө. Жәнібековтің естеліктерімен бөлісті, ұлт тұлғасын ұлықтау, келер ұрпаққа таныту жолындағы бірқатар маңызды ұсыныстарын да ортаға салды. Университитет басшысы Гүлжан Сүгірбаева 85 жылдық тарихы бар Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетіне қоғам қайраткерінің есімінің берілуімен құттықтап өтті.Біріншісі – ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталмаса, ешқандай жаңғыру болмайды. Екіншісі – алға басу үшін ұлттың дамуына кедергі болатын өткеннің кертартпа тұстарынан бас тарту керек» деп атап өтті. Елбасы нұсқаған ұлттық бірегейлікті сақтай отырып, заман ағымына қарай оның сипаттарын өзгерту, «білім куль­тін» қалыптастыру, мемлекет пен қоғамды рево­люциялық емес, эволюциялық жолмен дамыту, ең бастысы, сананың ашықтығын, яғни әлемдік озық жаңалықтарға, ғылым-білімге құшақты айқара ашу идеялары ұлттың рухани-мәдени қалыбы болары даусыз. Жаңа дәуір сынақтарын бәсекелік қабілеті ерекше ел ғана еңсере алады. Осы тұрғыда Елбасының мемлекет пен қоғам алдына қойып отырған нақты міндеттері рухани саладағы түбегейлі реформалардың алтын бастауына айналарына күмән жоқ.Еліміздің төл тарихын білу арқылы тарихи сана қалыптасады. Ал тарихи сана арқылы ұлттық сана өсіп жетіледі, ұлттық санамыз биік деңгейге көтерілсе, егемендігіміз тұғырлы болатыны анық.

–Биыл комиссия шешімімен оқу ордамызға Өзбекәлі Жәнібековтың есімі берілді. Шынында ол — Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынов салған сара жолды жалғастырып, ұлтты ояту жолында қалтқысыз қызмет етті. Мемлекеттік деңгейдегі жауапты қызметте жүрген жылдарында қолынан қаламы түспей, ұлт үшін аянбай еңбек етті. Сондықтан да тарихи тұлғаны бүгінгі жастар тануы керек. Ол үшін біздің оқу орны да өз үлесін қосады. Алдағы уақытта да үлкен жоспарларымыз бар, – деді

Г. Сүгірбаева.
Сондай-ақ келелі жиында Орталық саябақты
Ө. Жәнібековтың есімімен атауды ұсынылды.
Айта кетейік, ұлт жадында мәңгі сақталған Өзбекәлі Жәнібеков қазақ халқының мәдениетін, ана тілін, дәстүрі мен әдет-ғұрпын дамытуға үлес қосқан ұлы тұлға. Ұлт мүддесі үшін өлшеусіз еңбектерін арнаған қоғам қайраткерінің туғанына биыл 92 жыл толып отыр.
«Шымкент келбеті»

Ұқсас ақпараттар

144 УЛИЦЫ ОТРЕМОНТИРУЮТ В ШЫМКЕНТЕ ДО КОНЦА ГОДА

smarttop

«МЕН АНАМЫН, АҚЫНМЫН, ӘЛЕМДІ ОЙЛАР…»

smarttop

БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ 12 ТУРИСТІК ЖОБА ІСКЕ ҚОСЫЛАДЫ

smarttop

Пікір қалдыру