9.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТТЕГІ ЖАҢА ӘУЕЖАЙ ТЕРМИНАЛ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕҢІ ТОЛЫҚ АЯҚТАЛДЫ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа халықаралық әуежай терминалының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі уақытта жолаушылар терминалы құрылысының 1-кезеңі аяқталды.

🔷 Атап айтқанда, терминал шатырын монтаждау жұмыстарымен бірге сыртқы қасбетін жабдықтау құрылыстары толық жүргізілді.
Сонымен қатар, жаңа әуежайға инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары да кестеге сәйкес іске асты. Терминалдың жалпы аумағы 35 мың шаршы метрді құрайды. Шымкент әуежайы бюджеттік әуекомпанияның бес хабының бірі болып табылады. 🔷 Сондықтан әуекомпания басқа қалалармен авиациялық байланыстың сапасын арттыру мақсатында еліміздің ең шуақты қаласынан көбірек рейстерді ашуды жалғастыруда. 🔷 Жазғы кезеңге Шымкенттен Қостанайға, Ақтөбеге, Семейге және Атырауға, сондай-ақ, грузиялық Кутаисиге дейінгі жазғы маусымдық маршруттар қалпына келтіріледі. Сонымен қатар Алматыға, Астанаға, Ақтауға және Шымкент-Дели-Шымкент жаңа бағыты бойынша тұрақты рейстер қазақстандықтарға қолжетімді бағамен мобильді болып қалуға мүмкіндік береді.

🔷 Әуежай жұмыстарының 2-кезеңі жоба бойынша 2024 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр.

🔷 Қала әкімі терминал құрылысының жұмысын сапалы әрі өз мерзімінде аяқтауды тапсырды. Қазіргі уақытта билеттерді ерте брондау арқылы, екі халықаралық бағытқа – Кутаиси мен Делиге, біржақты билет құны 55 және 70 АҚШ долларынан бастап алуға болады. Тікелей халықаралық рейстерден басқа, Астана арқылы да басқа шетелдік қалаларға жетуге болады. Мәселен, Бакуға аптасына 2 рет, Анкараға аптасына 2 рет. Сонымен қатар шымкенттіктер Ақтау арқылы Баку, Ереван және Ыстамбұлға сапарларын жоспарлай алады. Бұл рейстер Ақтау арқылы аптасына 1-2 рет орындалады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

Кәмелет жасына толмаған жоғалған қызды тапқан полицейлер алғысқа бөленді

smarttop

ТЕРМЕШІЛЕР БАЙҚАУДА БАҚ СЫНАСУДА

smarttop

ЖОЛДАУДЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру