16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА! СЫҒЫМДАУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ КЕРЕКТІГІН ЕСКЕРТЕМІЗ

🔷 Шымкент қаласы Еңбекші ауданы аумағындағы көпқабатты 283 тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Көпқабатты тұрғын үйлерді жылу маусымына дайындау бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-мен бірлесе және аудан аумағындағы 7 сервистік қызмет көрсетуші мекемелерімен арнайы іс-шара жоспары бекітілді. Көпқабатты 175 тұрғын үйдің 105-іне сығымдау жұмыстары жүргізіліп, қазіргі уақыта қысқы жылу маусымына дайындық көрсеткіші 60% құрап отыр. Сонымен қатар, Заңда жергілікті әкімдіктердің тұрғын үй басқармасына тұрғындар арасында басқару нысанын таңдау туралы келісімге қол жеткізілмеген немесе олардың ауысуға дайын болмаған жағдайда, уақытша басқаратын компанияны айқындап беру туралы норма енгізілді.
Бюджет қаражаты есебінен көппәтерлі тұрғын үйдің кіреберістерінің бірінің лифтін ауыстыру мен жөндеуді ұйымдастыру және қаржыландыру тетігі заңнамамен бекітіледі. Бұл ретте пәтерлер мен тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің бюджет қаражатын қайтаруы көзделеді.Сондай-ақ кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін жеке меншікке шығаруға тыйым салынды.

🔷 Қала тұрғындарына алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын сервистік компаниялармен келісім-шарт түзу арқылы іске асыруды немесе өз күштеріңізбен жүргізу керектігін ескертеді.
Еңбекші ауданында 7 сервистік компания 64 тұрғын үйге қызмет көрсетуде.

🔷 Олар:
«Теплокомсервис» ЖШС -ы (16 шағын ауданы, тел: 8-702-655-05-82),
«Нұр-Арыстан» ЖШС -ы (Түркістан көшесі №314, тел: 8-701-727-45-47),
ЖК «Шоманбаев» (Ш.Уәлиханов көшесі №213А, тел: 8-705-483-85-54),
ЖК «Аскар» (Елшібек батыр көшесі №114, тел: 8-705-885-77-30),
«Kaz construction service-2020» ЖШС,
«NUR-D» ЖШС (Кожанов көшесі №1/10, тел: 8-708-478-60-38; 8-778-526-80-20),
ЖК «МолИз» (Академгородок №61, тел: 8-701-728-56-98

🔷 Сонымен қатар туындаған мәселелер мен қосымша ақпарат үшін Еңбекші ауданы әкімінің аппараты байланыс номері: 8 /7252/ 53-27-43; «WhatsApp» арқылы: 8-708-326-10-58 номеріне хабарласа аласыз.
Тұрғындарға жылыту қондырғылары мен қазандықтарының техникалық жай-күйін алдын-ала тексеруді, жөндеу жұмыстарын жүргізуді және сығымдаудан өткізуді сұраймыз. Сығымдау актісі болмаған жағдайда жылу берілмейтіндігін ескертеміз!

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

СЕГІЗІНШІ ШАҚЫРЫЛЫМДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТІ VI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

smarttop

Түркістан облысының полицейлері жоғалған жасөспірім қызды Шымкент қаласынан тапты

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ “СОЛЛАЛЬ» МЕЙРАМЫ АТАП ӨТІЛДІ

smarttop

Пікір қалдыру