16.3 C
Шымкент
Пятница, 20 сентября, 2024
Smarttop.kz

ТҰРАН ШАҒЫН АУДАНЫНДА 20 КӨШЕГЕ АСФАЛЬТ, 10 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛДІ

🔷 Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Қаратау ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында жолдарды жөндеу, асфальттау және шағал тас төсеу мәселесі жиі көтерілген еді.

🔷 Жоспарға сәйкес осы орайда «Тұран» шағынауданында 50 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта кете бойынша 35 000 м3 шағалтас төсеу толық орындалып, 15 000 м3 шағал тас төсеу жұмыстары әлі де жүргізілуде.
Шағын ауданда 40-тан астам көше орналасқан. Оның 20-дан астам көшесі асфальтталса, 10-ға жуық көшесіне шағал тас төсеу жоспарланған.
Жалпы Қаратау ауданы аумағында биылғы жылы 41 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары атқарылмақ. Жалпы қаламыздың жол инфрақұрылымын дамытып, сапасын жақсарту мақсатында 2021-2025 жылдарға арналған іс-шара жоспары бекітілген.Атқарылып жатқан жұмыстар жоғарыда аталған іс-шара аясында іске асырылуда.Жоспарға сәйкес, 60 көшеге асфальт төсеу жұмыстарына 2023 жылы 3,1 миллиард қаржы қаралған. Сондай-ақ, 6 көшеге аяқ жол салуға және ретке келтіру жұмыстарына 25 шақырымға 178 миллион теңге бөлініп отыр. Атап айтар болсақ, олар Ынтымақ шағын ауданындағы Имантау көшесі, Есенов көшесі, Шардара көшесі, Бәйдібек би даңғылында орналасқан Прайм парк тұрғын үй кешенінен А-2 тас жолына дейінгі аралық, сондай-ақ Самал-3 шағын ауданындағы Юсупов және Алпамыс батыр көшесі. Сонымен қатар, Қаратау ауданында 70 көшеге асфальт төселеді. Асфальт төсеу жұмыстары «Қайтпас», «Тұран», «Достық» шағынауданындарында, «Таскен», «Тассай» «Сайрам» тұрғын алаптарында және «Бозарық» саяжайында жүргізілетін болады.

🔷 Аталған жұмыстар «Бозарық» саяжайында 7 көшеге, «Шапағат» шағын ауданында Бике қоңыр, Желдіқара, Мирас көшелері, «Тассай» тұрғын алабында Көкбөрі, Шолпан, Көкпекті, Көкпар, Кеңтарал (жалғасы), Еділ қаған, Мөде қаған және атауы жоқ 7 көшеге, «Тұран» шағынауданындағы №26 көшеге, Ойқараған, Шырайлы, Нарсай, Найзакескен, Дәуір және атауы жоқ 11 көшеге жүргізілетін болады.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

ШЫМКЕНТ: САРБАЗДАР ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫШЫН ӨТЕУГЕ ӘСКЕРГЕ АТТАНДЫ

smarttop

ХАБАРЛАНДЫРУ

smarttop

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІК ЖӘРМЕҢКЕСІНДЕ КЕЛУШІЛЕРГЕ ЖЕҢІЛДІКТЕР ҰСЫНЫЛДЫ

smarttop

Пікір қалдыру