0.3 C
Шымкент
Пятница, 22 ноября, 2024
Smarttop.kz

ШЫМКЕНТ: МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

🔷 Қала активімен өткен кездесуде ҚР Премьер-Министрі Ә. Смайылов Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековке маңызды міндеттер қойды.
«Бүгінде қала миллионнан астам халқы бар жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтардың бірі. Осыған байланысты тұрғындарды сапалы ауызсумен, электр және жылу қуатымен қамтамасыз ету, әлеуметтік нысандарды жаңғырту мәселелерін шешу жергілікті атқарушы биліктің алдына қойылатын басым міндеттер», — дей келе, тұрғын үй құрылысы бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізу қажет екенін айтты.

🔷 Сондай-ақ Премьер-Министр халық санының өсуі бірқатар әлеуметтік нысанға түсетін жүктемені арттыратынын атап өтті. Осыған байланысты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 28 мың оқушыға арналған 18 мектеп салу жоспарланып отыр.Оған қоса Әлихан Смайылов Президенттің тапсырмасы бойынша салынып жатқан жаңа Студенттер сарайы мен Шымкент қалалық опера және балет театры құрылысының маңызына тоқталды.

Бүгінде қалада жылу беру маусымына дайындық жұмыстары кезең-кезеңімен жалғасуда. Жалпы, республика бойынша 593 шақырым жылу желілеріне жөндеу жұмыстары жоспарланып, бүгінде оның 64,4%-ы жөнделген. Жұмыстар 50-ден 75% дейін орындалған өңірлер арасында Шымкент қаласы бар. Мегаполисте қолданыстағы жылу жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары қарқынды.
№1 қазандықтың жөндеу жұмыстарын 20 қыркүйекке дейін аяқтау жоспарланған. Бөлек орналасқан 23 жылу қазандығынан бүгінде 19-ы қысқы маусымға дайын, қалған қазандықтар бойынша әзірліктер 15 қыркүйекке дейін толық аяқталады.
Сондай-ақ қаладағы 2076 көпқабатты тұрғын үйдің жылу жүйелерінің дайындығын күшейтіп, 1 қазанға дейін аяқтау жоспарланған.

🔷 Премьер-Министр жергілікті әкімдерге тиісті министрлікпен тығыз байланысып, егістіктердегі шараларды уақтылы жүргізуді тапсырды. Сондай-ақ осыған дейін жылу беру маусымында жіберілген кемшіліктерді ретке келтіріп, дайындықтарды күшейтуді ескертті.
Жалпы, қаланың қысқа дайындық жұмыстарының барысы, күзгі жиын-терімге қатысты шаралардың барлығы да М.Дүйсенбекұлының тікелей бақылауында. Бұл ретте апта сайын тұрақты мониторинг жүргізілуде.

🔷 Сонымен қатар азық-түлік бағасын тұрақтандыру — маңызды міндеттердің бірі. Бұл бағытта қолдағы реттеу және бақылау тетіктерін тиімді пайдалану, сондай-ақ қатар ішкі нарықты сапалы отандық тауарлармен толықтыру қажет. Қалалық сауда-логистикалық орталықты кеңейту де осы мақсатқа жетуге ықпал етеді.
Премьер-Министр жаңа әкімге және барлық жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне Мемлекет басшысы мен Үкімет қойған міндеттерді жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

🔷 Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас ақпараттар

МЕРЕКЕЛІК АСТАН УЛАНУДАН САҚ БОЛЫҢЫЗ

smarttop

«ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

smarttop

ШЫМКЕНТТЕ «ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАЛАПҚА САЙ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

smarttop

Пікір қалдыру