Жастар бағдарламасы бойынша қатысушыларға қойылатын басты талаптар:
— жасы 29 жасқа толмаған жұмыс істейтін жас болуы тиіс;
— өтінім берушінің соңғы 2 жылда Қазақстан Республикасы аумағында иелігінде тұрғын үй тіркелмеуі;
— Шымкент қаласында соңғы 2 жылда тұрақты тіркеуде болуы сонымен қатар ай сайынғы табысы 40 АЕК (122 520 теңгеден) асуы шарт.
Жұмыс істейтін жастар бағдарламасына қатысу үшін қажетті құжаттар тізімі:
білімі туралы құжаттың көшірмесі;
жұмыс орнынан анықтама;
өтініш берушінің ай сайынғы табысын кемінде 40 (қырық) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде растайтын соңғы алты ай ішіндегі табысы туралы анықтама;
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек өтілін растайтын заң жүзінде көрсетілген құжаттар (еңбек кітапшасы, аударылған міндетті зейнетақы жарналары туралы бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмелер);
банктік шоттың болуы және нөмірі туралы анықтама және банктік шот бойынша ақшаның қалдығы және қозғалысы туралы үзінді;
өтініш берушінің түрлі қызмет салаларындағы жеке жетістіктерін растайтын құжаттар (бар болса).
Бағдарламаға қатысушылар «kezekte.kz» электронды порталында ЭЦҚ (электронды цифрлық қолтаңбасы ) арқылы өтініш бере алады.
Балдарды есептеу балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 746 қаулысымен бекітілген Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті орган бекіткен нарықта 100 (жүз) сұранысқа ие кәсіптер тізбесіне сәйкес кәсіпті меңгерген өтініш берушіге -10 балл;
2) отбасы болған жағдайда — 5 балл, некеде тіркелген әрбір жылы үшін — 2 балл;
3) 1 (бір) бала болған жағдайда — 1 балл, әрбір кейінгі бала үшін — 2 балл;
4) жеке кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырған кезде кемінде 1 жыл — 5 балл, әрбір жыл үшін — 1 балл;
5) өтініш берушінің түрлі қызмет салаларында жеке жетістіктері болған жағдайда — 2 балл;
6) бюджеттік ұйымдардағы еңбек қызметі үшін (мемлекеттік мекемелерде мен мемлекеттік кәсіпорындарда) — 5 балл, өтілінің әрбір жылы үшін — 1 балл;
7) екінші деңгейлі банктердің жинақ шоттарындағы (депозиттеріндегі) жинақтардың әрбір жылы үшін — 2 балл.